• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 16 Мамыр, 2019

«Менің Жібек жолым» атты сурет көрмесі ашылды

1166 рет
көрсетілді

Мемлекеттік орталық музейінде батик өнерінің шебері Жанар Нүкетаеваның «Менің Жібек жолым» атты жеке көрмесі ашылды. Оның Жібек жолы құрылымы айрықша, өзгеше ешкімге ұқсамайтын жүйе деп біліңіз. Танымы әспеті бөлек. Өзіне шақырып тұратын Жанардың Жібек жолы риясыз сымбатымен тартады.

Ол суретші ғана емес, ғалым психолог,философия ғылымдарының кандидаты, Ленинград Мемлекеттік университетінің түлегі.Дипломат күйеуімен бірге өмірінің басым бөлігін Ливия, Мысыр, Сауд Аравиясы, Біріккен Араб Әмірлігі, Ұлыбритания елдерінде тұрды. Шығармашылық жолын да шетелде жүріп бастады.Ал, 2003 жылы Сауд Арабиясында Индонезиялық шебер Палупимен танысып, француздық «суық батик» жасау техникасын меңгереді. Жанар үнемі шығармашылық ізденіс үстінде жүреді. Батик жасау бойынша білімін Пәкстан, Шри Ланка, Біріккен Араб Әмірлігі шеберлерінен сабақ алып шыңдаған. Сол себепті де оның туындылары өзіндік бірегейлігімен ерекшеленеді. Жанар жасаған батиктерден түстердің жеңіл үйлесім аңғартатынын бағамдар едіңіз. Шығармаларының тақырыптары да өзіндік үйлесім тауып жатады. «Мың бір түн», «Көгілдір алқаптағы бәйшешектер», «Жұмақ құстары», «Лотос гүлі». Оның жұмыстарының өзі тұрған көптеген елдердің мәдениетін, дәстүрлерін аңғартып отырады.Ол батик жасаудың ыстық және суық техникасын сондай-ақ, жібек маталар (жапондық,қытай және басқалары) бояу құралдары мен арнайы бояуларды жиі пайдаланады. Оның өз ісіне берілгендігі сондай, бос уақытын батик, оригами, табиғи тастардан әшекейлер жасауға жұмсайды

Ж.Нүкетаева жібекті бейнелеумен қатар, космоэнергетика  саласының магистрі атағын және Рейк шебері дәрежесін алған.Қазіргі уақытта Жанар адам санасын рухани тазартуға негізделген «Тета хилинг» техникасымен де айналысып.Ол өзін басқа да салалар бойынша шыңдауда атап айтсақ, әлем халықтарының ұлттық тағамдары туралы кітап жазуда, қазақ халқының салт – дәстүрлері туралы кітапшалар дайындауда. Жібекке өрнек салу шебері Жанар Нүкетаева шын жүрекпен, таза ниетпен өзінің Жібек жолындағы шығармашылық әлемінде қалықтап жүр.

Бұл батик шеберінің алғашқы көрмесі. Онда 50-ден аса батик техникасымен жасалған картиналар мен авторлық зергерлік бұйымдар қойылды. Көрменің ашылу салтанатында Қазақстан Республикасындағы Индонезия Елшісі Рахмат Прамоно мырза сөз сөйледі.

                                                                                                         

Сапарбай ПАРМАНҚҰЛ,

«Egemen Qazaqstan»