Қытайдың Нанинг қаласында бадминтоннан командалық әлем чемпионаты өтеді. 25 мамырға дейін созылатын бәсекеге қазақстандық спортшылар да аттанды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Бадминтоннан Қазақстан командасының бас бапкері Асқар Орманов әлемдік сынға төмендегі спортшылардың қатысатынын растады.
Олар: Дмитрий Панарин, Артур Ниязов, Оксана Штелле, Камила Смағұлова, Хайтмұрат Құлматов, Айша Жұмабек.
Еске сала кетейік, әлем чемпионаты қарсаңында бадминтоннан Қазақстан құрамасы АІВА базасында оқу-жаттығу жиынын өткізген болатын.