«ҚазМұнайГаз» ҰК АҚ және «BP» компаниясы Өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойды. Оның шеңберінде компаниялар ҚМГ және үшінші тараптардың қолда бар техникалық деректерін, қолданыстағы активтерін зерттеуге уағдаласты. Сондай-ақ Компаниялар алдағы уақытта да ынтымақтастықты жалғастыру мүмкіндігін қарастыруға ниетті.
«ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» АҚ – көмірсутектерді барлау, өндіру, қайта өңдеу және тасымалдау бойынша қазақстандық ұлттық оператор. «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы» АҚ акцияларының 90,42%-ы «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ға және 9,58%-ы Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне тиесілі болса, «BP» - әлемдік энергетикалық жүйенің кең ауқымын қамтитын жаһандық энергетикалық компания. «BP» Еуропада, Солтүстік және Оңтүстік Америкада, Аустралия, Азия және Африкада жұмыс істейді.
Маңғыстау облысы