Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұловтың Қырғыз Республикасына ресми сапары басталды. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.
Қазақстан Сыртқы істер министрі Бейбіт Атамқұлов пен Қырғызстан Сыртқы істер министрі Шыңғыс Айдарбеков «Қордай» бақылау-өткізу бекетінде болып, қазақ-қырғыз шекарасында адамдар мен көлік құралдарын өткізудегі өзекті жағдаймен танысты.
Шараға ҰҚК төрағасының орынбасары - Шекара қызметінің директоры Дархан Ділманов пен Қырғызстан Мемлекеттік шекара қызметінің төрағасы Ұларбек Шаршеев қатысты.