• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 20 Мамыр, 2019

Электронды платформа - оқушыға да, мұғалімге де ортақ

1068 рет
көрсетілді

Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының IT кеңесінде Алматы қаласы Білім басқармасы Қалалық білім берудегі жаңа технологиялар ғылыми-әдістемелік орталығының директоры Андрей Дупик қаладағы жалпы білім беретін мектептер базасында факультативтер ашылып, сұранысқа ие бағыттар - мобильді қосымшалар, веб-сайттар, ойындар, 3D моделдеу, робототехника бойынша әрбір оқушы мен мұғалімге қолжетімді электронды платформа жасалатындығын жеткізді.

Бұл жүйеде белгілі бір тақырып бойынша бейне-сабақтар, контент, тестілеу жүргізіледі. Тақырып бойынша мұғалімдер мен оқушылардың  айналысуына мүмкіндіктер қарастырылған. Жоба қаладағы IT-компаниялармен кеңесіп жасалатын болады. Қазір жобаның электрондық платформасын құру жұмыстары жүргізілуде. Жобаның алғашқы кезеңінде қала мектептерінің елу пайызын қамту жоспарланып отыр.

Жаңа оқу жылы басталған сәтте Алматы оқушылары толық материалдық-техникалық және әдістемелік қамтамасыз етілген IT-сыныптар жұмысымен танысады. Ал белгіленген мерзімге дейін бағдарламасы бекітіліп, оқытушылар дайындықтан өтеді.

Республикадағы цифрландыру бағдарламасы аясында әрі IT-оқыту үдерісіне тартылған балалар санын арттыруға бағытталған Алматыдағы алғашқы жобаға қала бюджетінен қаражат қарастырылған.

Цифрландыру бағдарламасы аясында Жол картасына сәйкес қаладағы №54 мектеп-гимназия базасында IT-лицей ашу және Wi-Fi мектептерін 100 пайызға дейін желімен жабдықтаумен қатар, ҚБТУ жанындағы Инжиниринг және ақпараттық технологиялар институты Алматы қаласы ІІД үшін криминогендік жағдайдың мониторингі жүйесін әзірлеген (бірыңғай орталықта онлайн режимінде криминогендік жағдайдың мониторингі және визуализациясы, заңсыз әрекеттердің алдын алу бойынша шешім қабылдауға көмектесу, өзара байланысты қылмыстар бойынша жиынтық ақпарат ұсыну). Құрамына қаланың жетекші инновациялық компаниялары кіретін IT кеңес өткен жылы Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының базасында құрылып, саланы дамыту, бизнесті, қаланы цифрландыру және автоматтандыру бағытындағы ұсыныстарды әзірлеуді жүзеге асырып келеді.

АЛМАТЫ