Еліміздің сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қазақстан үшін Қырғызстан ең жақын көрші екенін атап өтті. «Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Қырғызстан бауырлас халықтар екенін әрдайым айтады. Біз тату көршілік пен достықта өмір сүрдік, арамызда ешқашан шекаралар болған емес», деді Б.Атамқұлов.
Қазақстан СІМ басшысы қазақстан-қырғыз өзара іс-қимылының дамуындағы оң динамикасын атап өтті. Оған жылы әрі достық қарым-қатынастар орналған Қырғызстан Сыртқы істер министрі Чингиз Айдарбековпен тығыз және жемісті жұмыс жасалуда, ал бұл бірқатар мәселелерді жедел шешуге мүмкіндік береді.
Бүгінгі СІМ арасындағы келіссөздер барысында екіжақты ынтымақтастықтың, өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелері талқыланды. Біздің елдеріміз арасындағы қатынастарды одан әрі нығайту, барлық жиналған мәселелерді шешу бойынша уағдаластықтарға қол жеткізілді.
Тараптар 2020 жылға қарай екіжақты сауданы 1 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайту жөніндегі мемлекет басшылары қойған міндеттерді іске асыру жөнінде белсенді жұмыс жүргізуде. Осы тұрғыда Қазақстан-Қырғыз Үкіметаралық кеңесінің тиімді жұмысы атап өтілді.
Қырғызстан Президенті С. Жээнбеков Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары беделін ерекше атап өтті. «Сіздің көшбасшыңыз Нұрсұлтан Әбішұлының даналығы бүкіл әлемге танымал, оны көптеген мемлекеттердің басшылары өте құрметтейді», деді Қырғыз Президенті. Сонымен қатар ол Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевты беделді саясаткер екенін атап өтті. С. Жээнбеков Қазақстан халқына жақсы президент сайлауын өткізуді тіледі.
С. Жээнбеков Қазақстан Қырғызстанның сыртқы саясатындағы негізгі әріптестерінің бірі болып табылатынын, сондай-ақ қырғыз тарапы барлық бағыттар бойынша ынтымақтастықты одан әрі тереңдетуге мүдделі екенін атап өтті. Қазақстан мен Қырғызстанға экономикалық өңірлік кооперацияны дамыту және екіжақты сауда айналымын ұлғайту бойынша жаңа жолдарын қарастыру қажет.
Кездесу барысында халықаралық құрылымдар мен қауымдастықтардың, атап айтқанда Шанхай ынтымақтастық ұйымы (ШЫҰ) шеңберіндегі өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды. Қазақстан Қырғызстанның ШЫҰ-ға табысты төрағалық етуіне жоғары баға берді, оның шеңберінде белсенді жұмыс жүргізілуде.