• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 21 Мамыр, 2019

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы туралы жария хабарландыру

1398 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Прези­ден­тінің 2013 жылғы 6 желтоқсандағы № 250 өкіміне сәйкес Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы» ұлт­тық конкурсы өткізіледі. Конкурс 3 ке­зеңде өтеді: бірінші кезең – аудандық (қала­лық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – республикалық. Үстіміздегі жылдың 1 мамырынан бастап конкурстың бірінші кезеңі басталды.

«Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсын аудандық (қалалық), облыстық деңгейлерде (оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында) өткізуді ұйымдастыру жөніндегі

НҰСҚАУЛЫҚ

Аудан (қала) облыста конкурстың ұйым­дас­тырушылары тиісті аумақтық бірліктің әкім­­дерінің жалпы басшы­лығымен аудан­дық (қалалық) әкім­діктердің ішкі саясат бөлімдері және облыстар мен Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында – ішкі саясат басқармалары болып табылады.

Конкурсты өткізу мақсаттары:

1) отбасы институтын, адамгершілікті, рухани­лықты нығайту, жауапты ерлі-зайып­тылықтың маңызын тану;

2) ата-аналардың бала тәрбиелеудегі жауапкершілігін арттыру;

3) отбасылық құндылықтарды, кәмелетке толған балаларының еңбекке қабілетсіз және егде жастағы ата-аналарына қамқор болуын дәріптеу және кеңінен насихаттау;

4) қазақстандық отбасының жағымды имиджін насихаттау.

Аудандық (қалалық), облыстық деңгейлердегі конкурстық комиссияның құрамы:

ауданның (қаланың), облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімі, төрағасы;

ауданның (қаланың), облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкімінің орынбасары, төраға орынбасары;

аудандық (қалалық) әкімдіктердің ішкі саясат бөлімінің, облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қала­лары ішкі сая­сат басқармасының басшысы;

аудандық (қалалық) әкімдіктердің білім бөлімінің, облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары білім басқармасының басшысы;

аудандық (қалалық) әкімдіктердің денсау­лық сақтау бөлімінің, облыс­тың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым­кент қалалары денсаулық сақ­тау басқар­масының басшысы;

аудандық (қалалық) әкімдіктердің дене шынықтыру және спорт бөлімі­нің, облыс­тың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қала­ла­ры дене шынық­тыру және спорт басқар­масының басшысы;

аудандық (қалалық) әкімдіктердің мәде­ни­ет бөлімінің, облыстың, Нұр-Сұл­тан, Алматы және Шымкент қалалары мәдениет бас­қар­масының басшысы;

аудан­дық (қалалық) әкімдіктердің әлеуметтік қорғау бөлімінің, облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қала­ла­ры еңбекпен қамтуды үйлестіру және әлеу­меттік бағдарламалар басқар­масының бас­шысы;

аудан (қала), облыс, Нұр-Сұлтан, Алма­ты және Шымкент қалалары әкі­мі­нің жанындағы әйелдер істері және отба­сы­лық-демографиялық саясат жөніндегі комис­сия­ның хатшысы;

облыстың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары Қазақстан халқы Ассам­блея­сы Хатшылығының мең­герушісі;

қоғамдастықтың 5 өкілі (ҮЕҰ, Арда­гер­лер кеңес­тері, жастар ұйымдары және т.с.с.).

Конкурс 3 кезеңде өтеді: бірінші кезең – аудан­дық (қалалық), екінші кезең – облыстық, үшінші кезең – респуб­ликалық.

Бірінші кезең

Конкурсқа қатысуға арналған өтінім­дер Үкіметтің 2014 жылғы 5 наурыз­дағы №181 қау­лысымен бекітіл­ген қағидаларына (бұдан әрі – Қағида­лар) қоса берілген нысан бойын­ша әкім­дік­тердің аудандық (қала­лық) ішкі саясат бөлімдеріне конкурстың бас­­талуы туралы жария хабарландыру күні­нен бастап бір ай ішінде беріледі.

Конкурсқа қатысушыларды іріктеуді аудан­ның (қаланың) әкімі басқаратын кон­курс­тық комиссия жүзеге асырады.

Конкурстық комиссияның құрамы тиісті аумақтық бірліктің әкімінің өкімімен бекі­ті­леді.

Материалдарды қарағаннан кейін комиссия төрағасы – аудан (қала) әкімі конкурс жеңім­паздарын айқындау үшін 14 мамырға дейін комиссия отыры­сын өткізеді және Хат­та­малық шешім­мен 4 жеңімпазды бекі­теді.

Аудандық (қалалық) конкурстан жеңім­паз атанған 4 отбасының материалдары 16 мамырға дейін облыстың ішкі саясат басқармасына жіберіледі.

Облыс орталығы қалаларының аудандарында (Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қ. басқа) конкурстар бөлек өткізілмейді.

Екінші кезең

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының ішкі сая­сат басқармалары аудандық (қалалық) кон­курс­тық комиссиялар ұсынған қатысушылар ара­сында конкурс өткізу бағдарламасын әзірлейді.

Облыстық, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалық деңгейде кон­курстық комис­сиялар ауданнан (қаладан) ұсынылған 4 үміткерден кон­курстың облыстық турына 2 қа­ты­су­шыны белгілейді. Комиссия төраға­лары – облыстардың, Нұр-Сұлтан, Ал­маты және Шымкент қалалары әкім­дері оны тиісті Хаттамалық шешіммен бекітеді.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алма­ты және Шымкент қалаларының Ішкі саясат басқармалары облыстық конкурстың 2 жеңімпазының (2 отбасы) материалдарын заң бұзушылық факті­леріне қатысты тексеру үшін Қазақстан Республикасы Бас про­ку­ратурасының Құқықтық статис­тика және арнайы есепке алу жөнiндегi комитетiнің аумақтық басқармаларына жолдау қажет.

 Облыстық конкурстар (оның ішінде Нұр-Сұлтан, Алматы және Шым­кент қала­лық) барлық өңірлерде бір мез­гілде 24 мамырда (жұма) өткізіледі.

Жеңімпаздарды, сондай-ақ кон­курс­­тың өңірлік кезеңдерінде не­ғұр­лым ерекшеленген қатысушы­ларды марапаттау сал­танатына об­лыс­тардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары әкім­дерінің қатысуы іс-шараға ерекше маңыз беріп, мемлекеттің отбасы мен неке мәрте­бе­сін нығайту мәселесіне қамқорлығы мен назарын көрсетпек.

Жеңімпаз отбасы конкурстың рес­пуб­ликалық кезеңіне қатысу үшін Нұр-Сұлтан қаласына жіберіледі.

Облыстың ішкі саясат бас­қармасы же­ңім­­паздың құжаттар топтамасын «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсының лау­реаты атағын таға­йындау жөніндегі комис­сияға 7 мау­сымға дейін ұсынады.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкім­­діктері облыстық конкурстың 2 жеңім­па­­зы туралы мақалаларын «Егемен Қа­зақ­стан» және «Казахстанская правда» республикалық газеттерінде 24 мамырдан бастап 14 мау­сым­ға дейін орналастыруды қамтамасыз ету қажет.

Облыстардың, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары­ның әкім­діктері 14 маусымнан бас­тап 14 шілдеге дейін «Хабар» және «Қазақстан» телеарнала­ры­на кон­курстың республикалық кезеңіне жолдама алған жеңімпаз отбасылар туралы телесюжеттерді түсіруге жәрдемдесулері қажет.

Үшінші кезең

«Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы­ның лауреаты атағын беру жөніндегі комиссия облыстық байқаулардан жеңімпаз атанған 32 отбасының ішінен лайықты 16 үміткерді конкурстың финалына жіберу үшін 14 мау­сымда отырыста бекітеді.

Конкурстың финалы – 16 үміткер­ден үздік отбасыны смс-хабарламалар және интернет-ресурс (kaztube.kz) арқы­лы интерактивті дауыс беру жолымен іріктеу болып табылады. Дауыс беру 30 тамыз – 6 қыр­күйек аралығында өтеді.

«Мерейлі отбасы-2019» ұлттық конкурсы лауреатының есімі 6 қыр­күйекте өте­тін гранд-финалда белгілі болады. Оның теле­нұсқасы 8 қыркүйек – Отбасы күнінде жарияланады.

Конкурстың гранд-финалына отбасы жұптары – қазақстандық эстрада жұлдыздары, танымал қоғам қай­раткерлері, саясаткерлер және т.с.с. қатысады.