• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 21 Мамыр, 2019

Солтүстік Қазақстанда жазғы спорт маусымы ашылды

900 рет
көрсетілді

«Құлагер» ипподромында ұлттық ат спорты ұйымдастырылып, бәйгенің бірнеше түрлері бойынша жарыс өтті.

Жазғы спорт маусымының ашылу салтанатында сөйлеген сөзінде облыс әкімінің бірінші орынбасары Марат Тасмағанбетов  қазақ халқы атты ер қанаты ретінде қадірлей білгенін, төрт түлік патшасы жылқының орны бөлек екенін атап көрсетті.

«Ата міну мәдениеті мен жылқы шаруашылығы жер жүзіне Ұлы даладан тарағаны тарихтан белгілі. Өңірімізде орналасқан «Ботай» қонысында  жүргізілген қазба жұмыстары жылқының тұңғыш рет Қазақстан аумағында қолға үйретілгенін дәлелдеді. «Тұлпар» ат спорты клубы аз уақыттың ішінде жақсы нәтиже көрсетті. Көкпаршыларымыз республикалық додаларда олжа салып жүр», деді Марат Иманбайұлы.

Ақтөбе, Көкшетау қалаларынан келген және  өңіріміздің 13 ауданынан қосылған атбегілер тұяғымен жер тарпыған кіл жүйріктерін бәйгеге қосты.

Қыз қуу, теңге алу, аударыспақ секілді ұлттық ойындардан кейін жұртшылықтың делебесін қоздырған бәйге басталды. Жарысқа алдымен 1800 шақырымға ұшқыр аттар жіберілді. Олардың арасынан Ғ. Мүсірепов ауданының «Сабоя» атты арғымағы оқ бойы алда келді. 7 шақырымдық жорға жарыста  тайыншалықтардың мерейі үстем болды. 15 шақырым аламан бәйгеде Айыртау ауданынан үкілеп қосқан сәйгүлік сөрені бірінші болып қиды.

Жеңімпаздар ақшалай сыйақылармен, құрмет грамоталармен марапатталды.

Солтүстік Қазақстан облысы