• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2019

Солтүстік Қазақстанда құрамажем зауыты іске қосылды

903 рет
көрсетілді

Ғ.Мүсірепов атындағы ауданда KAZMEAL ЖШС-і құрамажем өндіретін зауытты пайдалануға берді.

Оның ашылуына аймақ басшысы Құмар Ақсақалов қатысып, еліміздегі бірегей өндіріс орны екенін атап көрсетті.

Кәсіпорын жылына 360 мың тоннаға дейін  өнім әзірлейді. 76 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Шетелден тартылған жалпы инвестицияның  көлемі 4 миллиард теңге.

Цехтарда  астықты тереңдете өңдеп, құрамажем алатын  соңғы үлгідегі қондырғылар орнатылған. Жұмыс «Сименс» компаниясының жүйесі бойынша атқарылып, қаптар робот арқылы тиеледі. Бұл – әлемдегі цифрлы технологиялар саласындағы көшбасшылардың бірі. Сапалы өнімді экспортқа жіберу бағдарланған.

Озық жобаның басқа да артықшылықтары бар.