• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 22 Мамыр, 2019

Сенаторлар Орал қаласының бірқатар әлеуметтік-білім беру нысанында болды

904 рет
көрсетілді

Батыс Қазақстан облысында жұмыс бабындағы сапарда жүрген Сенат депутаттары Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінде болып, оқытушы-профессорлар құрамымен және студенттермен кездесті. Бұл туралы Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

Кездесу барысында сенаторлар заман дамуынан қалмай, ғылымды дамыту мен жаңа технологияларды меңгеру және тәжірибе жүзінде ғылыми жаңалықтарды пайдалану қажеттігін атап өтті.

Өңірге сапар аясында депутаттар Ж.Досмұхамедов атындағы педагогика колледжінде болды. Ұстаздар қауымы шағын жинақты ауылдық мектептер үшін мұғалімдер даярлау бағыттарын жіктеуді заңнамаға енгізу туралы ұсыныс айтты. Сондай-ақ, жас мамандарға санат беру, педагогика колледждері түлектерінің еңбекақысын арттыру мәселелері қозғалды.

Депутаттар сонымен қатар Орал қаласының №1 қалалық ауруханасында болып, дәрігерлік қызмет көрсету барысымен танысты.

Орал қаласының №33 орта мектебіндегі оқытушылармен кездесуде апаттық жағдайдағы мектеп үшін жаңа ғимарат салу мәселесі көтерілді. Ол үшін республикалық бюджеттен 1 175,040 млн теңге, жергілікті бюджеттен - 130,559 млн теңге қаражат бөлу қажеттігі айтылды.

Орал қалалық жұмыспен қамту орталығында болған кезде депутаттар орталықтың жұмысымен танысып, қызметкерлердің жетіспеушілігі мен мекеме ассистенттерінің еңбекақысын арттыру мәселелерін талқылады.