• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Сайлау 23 Мамыр, 2019

25 мамырдан бастап сайлаушылар тізімімен танысуға болады

897 рет
көрсетілді

Азаматтарға тиісті учаскелік сайлау комиссиясының үй-жайында сайлаушылардың тізімдерімен танысуға, сонымен қатар, онда енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беріледі деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 26-бабына сәйкес 2019 жылдың 25 мамырдан бастап тұрғылықты жерлерде құрылған Нұр-Сұлтан қаласының сайлау учаскелерінде танысуға арналған сайлаушылардың тізімдері ұсынылды. 

«Нақты сайлау учаскесінде азаматтарды сайлаушылар тізіміне енгізу үшін оның осы сайлау учаскесінің аумағындағы тұрғылықты жері бойынша тіркелу фактісі негіз болып табылады», – деп мәлімдеді Нұр-Сұлтан қаласының сайлау комиссиясынан.

Азаматтарға тиісті учаскелік сайлау комиссиясының үй-жайында сайлаушылардың тізімдерімен танысуға, сонымен қатар, онда енгізілген мәліметтердің дұрыстығын тексеруге мүмкіндік беріледі. 

«Әр азамат сайлаушылардың тізіміндегі өзі туралы мәліметті тексеруге және тізімге енгізілмегендігі, дұрыс енгізілмегендігі немесе тізімнен шығарылып тасталғандығы жөнінде шағымдануға, сондай-ақ сайлаушылар туралы мәліметтерде жіберілген дәлсіздіктерді тексеруге құқылы», – делінген сайлау комиссиясының хабарламасында. 

Тізімге енгізу туралы, одан шығарып тастау немесе тізімге түзетулер енгізу қажеттігі туралы арыздарды учаскелік сайлау комиссиясы арыз келіп түскен күні қарайды. Арызданушы үшін оң шешімнен кейін сайлаушылар тізіміне түзету немесе енгізілмей қалған сайлаушыны тізімге енгізу шұғыл түрде сайлау комиссиясымен жүргізіледі. 

Арыз мақұлданбаған жағдайда, сайлау комиссиясы арызданушыға оның арызы мақұлданбағандығы туралы дәлелдi шешiмнiң көшiрмесiн кешiктiрмей бередi. Шешім сотта қаралуы мүмкін. 

Сайлаушы тұратын орнын ауыстырған жағдайда, сайлаушы учаскелік сайлау комиссиясынан дауыс беру құқығын беретін есептен шығару куәліктерін алады. Есептен шығару куәлігі жазбаша өтініш пен жеке куәліктің ұсынылуы негізінде 2019 жылғы 25 мамыр – 8 маусым аралығында сағат 18:00-ге дейін беріледі. 

Учаскелік сайлау комиссиялары күнделікті сағат 9:00-ден 20:00-ге дейін үзіліссіз жұмыс істейді. Учаскелік сайлау комиссиялары туралы мәліметтер мен байланыс телефондары төменде көрсетілген.