• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
01 Ақпан, 2013

Обырға қарсы екпеге дайынсыз ба?

313 рет
көрсетілді

Обырға қарсы екпеге дайынсыз ба?

Жұма, 1 ақпан 2013 6:50

Жуырда еліміздегі Кәсіби медициналық қауымдастықтың ұйымдастыруымен жатыр мойны обыры төңірегінде жиын өтті. Онда сарапшылар адам папилломы вирусына (АПВ) қарсы екпені егуді ерікті түрде енгізуді қолдайтындықтарын білдірді.

 

Жұма, 1 ақпан 2013 6:50

Жуырда еліміздегі Кәсіби медициналық қауымдастықтың ұйымдастыруымен жатыр мойны обыры төңірегінде жиын өтті. Онда сарапшылар адам папилломы вирусына (АПВ) қарсы екпені егуді ерікті түрде енгізуді қолдайтындықтарын білдірді.

Жатыр мойны обыры деген түсінік бастапқыда құ­ла­­­ғымызға түрпідей тиетін. Қа­зіргі күнде әйелдер арасында кең тарап, жылдан-жылға уы­ты жайылып бара жатқан бұл дерт қоғамға таңсық болудан қалған. Диагностиканың да­мыған кезеңінде обыр оп-оңай анықталып, түрлі де­рек­көздер арқылы оған қатысты мәліметтердің сан қилысын табуға болады. Ресми статис­ти­калық деректер бойынша, елі­мізде жатыр мойны обырына шалдыққан 10 мың 500 әйел есепте тұрады екен. Тек өткен жылдың өзінде 1599 науқас тіркелсе, осы дерттен қайтыс болғандардың саны 655 адам.

Мамандар қауіпті ауруға шалдығатын әйелдердің жас шамасын 35-55 деп белгілеп отыр. 20 пайыз жағдайда 65 жас­тан асқан аналарды «айналдырады» десек, жас әйелдерде дерт бастапқы кезде білінбейді. Өйткені, оның алғашқы саты­сында еш клиникалық белгісі болмайтынға ұқсайды. Сон­дық­тан, дәрігерлер әйелдерді жыл сайын міндетті түрде ги­некологиялық тексерістен өтіп тұруға шақыратыны, тіпті, ау­рудың бастапқы сатысында оның емделу мүмкіндігінің жоғары екені жиын барысында баса айтылды.

Адам папилломасы вирусы (АПВ) дегенге тоқталайық. Бұл ерлерде де, әйелдерде де сан алу­ан ауру тудыратын вирус тү­рі. Ұзақ уақыт бойы қауіпсіз ви­рус деп есептеліп келгені де рас. Тек өткен ғасырдың 70- жылдары аталған вирус обырға шалдыққан адамның жатыр мойнынан табылған соң бұл пікір өзгеріп, зерттеу жүргізіле бастаған. Неміс ғалымы Харольд цур Хаузен аталмыш вирустың 16 және 18 түрінің онкогендік екендігін және жатыр мойнының обырын тудыратынын дәлелдеп, 2008 жылы медицина бойынша Нобель сыйлығын алған. Ал осы адам папилломасы вирусына қарсы қазіргі кезде әлемнің 21 елінде ұлттық вакцинация бағдарламасы қабылданып, іске асып жатыр. Оның ішінде Франция, Бельгия, Ұлыбритания, АҚШ, Канада сынды іргелі елдер бар.

Ал, енді бұл тұрғыда өзі­міз­­­дің мамандар не дейді? Қа­зақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институ­­ты директорының орынбаса­ры Сүрия Есентаева 2012-2016 жылдарға арналған он­ко­ло­­­­­гия­лық көмек көрсету бағ­дар­ла­­­­­­­ма­сы бойынша бірқатар істер ат­қа­рылып жатқанын, оның іш­інде, обыр ауруын ерте кезден анықтауға басымдық бе­рі­ліп отырғанын айтады. Бағ­дарламаны жүзеге асыру үшін осы жылға 51 млрд. 97 млн. теңге бөлінсе, оның 2,7 миллиард теңгесі адам папилломасы вирусына қарсы жасалатын екпеге жұмсалмақ.

«Біздің институт өткен жыл­дың соңында елімізде АПВ штаммдарының жатыр мой­нының обырымен байланыс­ты түрлерінің таралуын зерт­те­ді. Зерттеуге 4 мың әйел қа­тыс­ты. Сынамалар Алматы, Ас­тана қалаларының, сондай-ақ, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан облыстарының әйелдерінен алын­ды. Аса қауіпті АПВ шал­дығудың жалпы мөлшері зерттеу­ге қатысқан барлық әйелдердің 28,5 пайызында анықталды. Бүгінгі күні біздің мекеме жұ­мысының қорытындысы АПВ-ға қарсы екпе жүргізудің қа­жет екендігін айтуға толық не­­гіз болады», деді Қазақ онко­­ло­гия және радиобиология ғы­лыми-зерттеу институтының бөлім меңгерушісі, медицина ғылымдарының докторы Мұрат Қайырбаев.

Кәсіби онкологтардың меди­циналық қауымдастығы жатыр мойнының обырына қатысты мәселенің күрделі екендігін на­зарда ұстай отырып, елорда­да өткен ТМД елдері онкологтары мен радиологтарының бас­қосуындағы қорытынды қарарда екпе салынуы мүмкін мақсатты топ ретінде 9-10 жас пен 13 жасқа дейінгі қыз балаларды атаған болатын. Ал еліміздегі қағидат бойынша АПВ-ға қарсы екпеге ұсынылған жас 11-12 жас болып отыр. Және оның ерікті түрде өтуі мен тегін жасалуы назарда ұсталмақ.

Айгүл СЕЙІЛОВА,

«Егемен Қазақстан».