• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Мамыр, 2019

Маңғыстауда жас жол инспекторлар слеті өтті

1390 рет
көрсетілді

Балалардың қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының алдын алудың тиімді бағыттарының бірі - әрбір мектепте «қозғалыстың жас инспекторлары» жасақтарының құрылуы және олардың тұрақты түрде жұмысын ұйымдастыру болып табылады. Олардың негізгі мақсаттары – балалар мен жас өспірімдер арасында жол қозғалыс ережелерін сақтауды насихаттау, жолдарда балалар жарақаттануының алдын алу.

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігінің нұсқауына сәйкес 2019 жылы сәуір айының 21 күні Ақтау қаласы көлемінде мектепаралық 6-7 сыныптар оқушылары арасында 19-ші қалалық «Жас қозғалыс жол инспекторлар» слетінің кезеңі өткізілді.

Сайысқа өз шеберлігін сынауға қаладағы № 1, 3, 9, 10, 13, 16, 17, 22, 23 орта мектептері қатысты. Атаулы жарыс «Саптық түзеу», «Жол белгілерінің білгірлері», «Велосипедті мәнерлеп айдау», «Жас реттеуші», «Эрудит турнирі», «Жас санитар» сынды 6 бағыттан тұрды. Жеңімпаз 12 маусымда өтетін облыстық «Жас қозғалыс жол инспекторлар» слетіне қатысады.

Нәтижесінде № 22 орта мектебі I орынға ие болып, облыстық слетке жолдама алды.