Жұма, 22 ақпан 2013 7:01
Осы мақалама өзек болған әкемнің туған інісі Жәкен Тілеубаев Ұлы Отан соғысынан оралмады. 1939 жылы Қарағанды облысы, Қарсақпай аудандық әскери комиссариаты арқылы Приморскідегі бронетанк және моторландырылған жеке құрамаға әскери міндетін атқаруға жіберілген болатын. Содан 1941 жылы аталған әскери құрамада алғашқылар легінде майданға енді.
Жұма, 22 ақпан 2013 7:01
Осы мақалама өзек болған әкемнің туған інісі Жәкен Тілеубаев Ұлы Отан соғысынан оралмады. 1939 жылы Қарағанды облысы, Қарсақпай аудандық әскери комиссариаты арқылы Приморскідегі бронетанк және моторландырылған жеке құрамаға әскери міндетін атқаруға жіберілген болатын. Содан 1941 жылы аталған әскери құрамада алғашқылар легінде майданға енді.
Марқұм Жәкен әскерде №56 армияның құрамындағы №63 Тамань танк бригадасының №1 танк экипажында атқыш-радист болған. Осылайша, өмірі майдан шебінде өтіп, 1942 жылдың қараша айынан бастап оңтүстік-батыс майданында соғыса жүріп, 1943 жылы 11 қарашада Украинаның Керчь облысы, Ленин ауданына қарасты Бондаренко селосы маңайындағы Тимирова тауының 104,7 биіктігіндегі қиян-кескі шабуылда ерлікпен қаза тапқан (САОМ деректері). Танк отқа оранған шақта ақтық демі таусылғанша жауға пулеметтен оқ жаудырып, немістің 30 шақты солдаттары мен офицерлеріне ажал құштырып, көз жұмған. Содан соң Керчь қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 3,5 шақырым жерге жерленген. Жеке ісінің №49808 қосымшасының соңында жазылған Приморск бронетанк және моторландырылған жеке армиясының қолбасшысы полковник Дегуновтың 1943 жылғы ұсынуымен КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығына сәйкес, неміс басқыншыларымен соғыста көрсеткен қаһармандығы мен ерлігі үшін ІІ-дәрежелі Ұлы Отан соғысы орденімен марапатталған.Алайда, кеңестік дәуірдегі «құпия» деген қара құлып салдарынан бұл мәлімет ашылмай келді. Содан Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 65 жылдығына байланысты іздестіру нәтижесінде хабарды Ресей Федерациясы Қорғаныс министрлігінің Подольск қаласы орталық мұрағатынан алдық. Онда: «…радист 63-танковой бригады 56-армий, ст.сержант Тлеубаев Жакен Анкичевич,1920 г.р. уроженец Карагандинской обл. призван Карсакпайским РВК Карагандинской области, погиб 11 ноября 1943 года, высота 133,3 что 3,5 км северо-восточнее г.Керчь, Автономная Республика Крым, Украина….» делінген. Өкініштісі – бұл хабарды ата-аналары мен бауырлары естіген жоқ.Содан заңды құжаттар негізінде Украинаның Керчь қалалық әскери комиссариатына жерленген жерін нақтылау үшін 2010 жылы хат жолдағам. Одан «Керчь тарихи-мәдени қорығы» автономиялық республикалық мекемесінен және Керчь әскери комиссариатынан хат келді. Мәтіні төмендегіше:«-ст.сержант Тлиубаев Жакен Анкичевич 1920 г.р. воевавшего в составе 63-Таманской танковой бригады 56-Армии, братская могила или мемориальные знаки с указанием имен погибших, сообщаем, что интересующая высота располжено около села Бондаренково, Ленинского района, автономной республики Крым. Братских могил и мемориалов в районе этой высоты нет. Информация ЦАМО РФ о том что местом захранения является высота 132,3 на наш взгляд подтверждает факт, что Тилеубаев Ж.А. действительно сгорел в танке в районе этой высоты», деген хат келді.Осы орайда редакцияға хат жазу себебім, біз қазақпыз, жеті атасының аруағын құрметтеп өскен халықпыз. Ал енді Отаным деп опат болған туған бауырымның 70 жылдан кейін бір хабары шыққанда, қол қусырып дәрменсіз отыру азаматтық арымызға, құдай алдындағы мұсылмандық парызымызға қиянат болмақ. Сондықтан да туған жеріміз киелі де қасиетті Ұлытау жерінен бір уыс топырақты бауырымыз өлген жерге бұйырту, басына құран оқып қайту арманымыз. Тақау арада осы мақсатқа қолұшын берер деп егеменді еліміздің Қорғаныс және Сыртқы істер министрлері атына хат жолдадым. Хат мәтіні халықаралық лауазымды органдардың араласуымен Украинаның Керчь қаласын қорғаушы жауынгерлердің мемориалдық тақтасына аға сержант, Ұлы Отан соғысының ІІ-дәрежелі орденінің иегері Тілеубаев Жәкен Әңкішұлы есімінің жазылуына қол жеткізу. Біз, туысқандары 70 жыл өткенде мола іздемей, сол мемориалдық тақтаға барып тағзым жасасақ, нұр үстіне нұр болып, әрі өлі аруақ риза болып, тірі адам алғысын айтар еді.Сөйтіп, Украинаның Керчь қаласына баруға мемлекет тарапынан қолдау жасалып, мемлекет-аралық тиісті мақұлдаулар алынса, ағайындары екі үш адам барып қайтар едік. Біздің қолымызда Керчьтің табиғи мұражайы түсіріп берген «қаны төгілді» деген жердің де топографиялық картасы бар. Тірі болса бүгіндері бір әулеттің атасы болар, 15 кіндіктен қалған жалғыз тұяқтың өлі дерегінің 70 жыл өткен соң табылуына байланысты ендігі арман-мақсат сол жерге барып бір уыс өзі жаралған қазақ жерінің қасиетті топырағын бұйыртып, құран дұға бағыштап қайтсақ, жылдар бойғы жүрегіміздегі шемен шер тарқап, мауқымыз басылар еді.Мұханбетжан ӘБІЛҰЛЫ.ТЕМІРТАУ.