• RUB:
    4.74
  • USD:
    442.05
  • EUR:
    474.14
Басты сайтқа өту
Спорт 24 Мамыр, 2019

Юлия Путинцева Германиядағы WTA турнирінің жартылай финалына өтті

881 рет
көрсетілді

Қазақстандық Юлия Путинцева Германияның Нюрнберг қаласында өтіп жатқан WTA International 250 турнирінің жартылай финалына өтті деп хабарлайды Olympic.kz.

Ширек финалда біздің спортшы неміс қызы Анна-Лена Фридзаны жеңді. Үш сет қорытындысы бойынша Путинцева қарсыласынан 7:5, 6:7 (5), 7:6 (2) есебімен басым түсті. 

Жартылай финалда Юлия румыниялық Сорана Кырстяға қарсы ойнайды.