• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Әлем 24 Мамыр, 2019

Тереза Мэй отставкаға кететінін мәлімдеді

837 рет
көрсетілді

Ұлыбритания премьер-министрі Тереза Мэй 7 маусымда отставкаға кететіні туралы мәлімдеді.

Бұл мәлімдемені жасауға Brexit бойынша Еуроодақтың жаңартылған келісіміне наразы болған оның партияластары, сонымен бірге министрлер кабинетінің мүшелері көндірген.

Ол 3 маусымға жоспарланған АҚШ президенті Дональд Трамптың елге сапарынан кейін көп ұзамай үкімет басшысы мен консервативті партия басшысы қызметінен кетеді.

Тереза Мэй кеткен соң саясаткерлер жаңа көшбасшыны таңдайды. Бұл орынға негізгі кандидаттың бірі – бұрынғы СІМ басшысы Борис Джонсон. Сондай-ақ бұл қызметке сайлануы ықтимал кандидаттардың тізімінде елдің қазіргі Сыртқы істер министрі Джереми Ханта, Ішкі істер министрі Саджид Джавид және Коммунистік палатаның бұрынғы басшысы Андреа Лидс бар.