Парламент Мәжілісінің Төрағасы Орал Мұхамеджановтың жетекшілігімен палата бюросының кезекті отырысы өтті, деп хабарлады Мәжілістің баспасөз қызметі.
Мәжілістің жалпы отырысының күн тәртібіне “Трансферттік баға белгілеу туралы” Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы” заң жобасы екінші оқылымда ұсынылды.
Сонымен қатар, “Құқық бұзушылық профилактикасы туралы” және соған сәйкес бірқатар заңдарға енгізілетін толықтыруларды қарастыратын заң жобалары бойынша Мәжіліс пен Сенат арасындағы келіспеушіліктерді еңсеру жөніндегі келісім комиссиясының ұсыныстары қаралды.