23-26 мамыр аралығында Қырғызстанның Бішкек қаласында ат спортынан әлем кубогі кезеңі ұйымдастырылды деп хабарлайды Olympic.kz.
№1 конкур бойынша сынға түскен қазақстандық спортшы Ержан Қорабай турнир жеңімпазы атанды.
Екінші және үшінші орынды өзбекстандық спортшылар Абдурахмон Абдуллаев пен Иброхим Шокировтер еншілеген.
Әлем кубогі кезеңіне негізінен Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан спортшылары қатысқанын естеріңізге саламыз.