• RUB:
    4.82
  • USD:
    443.35
  • EUR:
    475.54
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Мамыр, 2019

Финляндия құрамасы хоккейден әлем чемпионы атанды

933 рет
көрсетілді

Словакияның Братислава мен Кошице қалалсында 83-ші мәрте ұйымдастырылған хоккейден әлем чемпионаты өз мәресене жетті. 16 күнге созылған бәсекеде 16 құрама чемпиондық атақ үшін сынға түсті.
Братиславада өткен финалдық бәсекеде Финляндия мен Канада хоккейшілері кездесті. Әлемдік рейтингте көшбастап тұрған Канада хоккейшілерін 1:3 нәтижесімен жеңген Финляндия құрамасы биылғы чемпионаттың бас жүлдесін жеңіп алды. Ал үшінші орын үшін өткен матчта Ресей спортшылары Чехия құрамасын буллит сериясында 3:2 есебімен жеңіп, қола жүлдені қанжығалады.   Айта кетейік, хоккейден келесі жылы Швейцарияда өтетін әлем чемпионатына Қазақстан құрамасы да қатысады.