«Мемлекеттік білім беру мекемелеріндегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерлерде демалуы үшін құжаттар қабылдау және жолдама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес, тиісті құжаттарды енді ХҚКО-на тапсырады, сосын барып лагерьлерге жолдама беріледі», дейді А.Текебаева.
Балалардың жазғы демалысын оңтайлы ұйымдастыру үшін Шымкент қалалық білім басқармасы өңіріміздегі таулы өлкеде орналасқан «Арман», «Ақсу», «Үшбұлақ», «Ерке Машат» лагерьлерімен арнайы келісім-шарт жасасқан. Санаулы күндерден соң балалар сауықтыру орындарына жолға шықпақ. Тиісті тегін жолдамалар жетім және әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларынан шыққан, сондай-ақ, төтенше жағдайлардың салдарынан шұғыл жәрдемді талап ететін отбасылардың балаларына беріледі.
Биыл жолдама беру немесе құжат рәсімдеуде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу үшін салалық басқарма тарапынан жаңа жүйе қолданысқа енген.
Бұл үшін ата-аналар арнайы нысан бойынша өтініш, жеке куәлік көшірмесі, баланың туу туралы куәлігінің көшірмесі, медициналық анықтама, мәртебесін дәлелдейтін құжаттың көшірмесін өткізсе жеткілікті.