• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 27 Мамыр, 2019

Шайбалы хоккейден әлемдік рейтинг: Қазақстан 19-сатыда

816 рет
көрсетілді

Халықаралық шайбалы хоккей федерациясы (IHHF) Словакиядағы әлем чемпионатынан кейін ұлттық құрамалар рейтингін жаңартты деп хабарлайды Olympic.kz.

Жаңадан түзілген рейтингте 3705 ұпаймен Канада құрамасы көш бастап тұр. Әлемдік сынның жартылай финалында жеңілген ресейліктер - екінші сатыда. Алғашқы үштікті биылғы әлем чемпионы - Финляндия командасы қорытындылаған. 

Бірінші дивизионның А тобында жеңіске жетіп, элиталы дивизионға қайта оралған Қазақстан құрамасы 19-орында. Біздің команданың қоржынында 2570 ұпай бар. 

Еске сала кетейік, Словакияда аяқталған шайбалы хоккейден әлем чемпионатында Финляндия құрамасы чемпион атанды. Олар финалдық кездесуде Канаданы 3:1 есебімен жеңген.