• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Қоғам 27 Мамыр, 2019

Балалардың жарақаттануының алдын алу апталығы өтіп жатыр

1512 рет
көрсетілді

Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында елімізде бір аптаға созылатын шаралар легі басталды. 26-31 мамыр аралығында БҰҰ-ның Балалар Қоры (ЮНИСЕФ) ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығымен бірге балалардың жарақаттануын алдын алу апталығын өткізіп отыр.

Балалар жарақатының алдын алу апталығы ата-аналарды, балаларды, мамандарды және бүкіл қоғамды бала қауіпсіздігін қалай қамтамасыз ету қажет екендігі жайлы хабардар ету мақсатында, сондай-ақ тұншығу, құлау, күйіп қалу, жол-көлік оқиғаларына ұшырау, кішкентай заттарды жұтып қою сияқты байқаусыз жарақаттардың салдарынан балалардың мүгедек болып қалуының немесе  өлімінің алдын алу  үшін өткізіледі. Жазғы уақыт – балалар үшін ең қауіпті кездің бірі, өйткені көптеген балалардың жарақаттануы осы тоқсанда  тіркеледі.

ЮНИСЕФ зерттеулеріне қарағанда, түрлі дене жарақаттары Қазақстандағы және әлемдегі балалар өлімі мен ауруханаға түсуінің басты себептерінің бірі екен. Денсаулық сақтау саласындағы республикалық электрондық орталықтың мәліметтері бойынша, 2017 жылы оқыс жағдайларыдң кесірінен 1283 бала жазым болған. Ал 27 мың 702 бала байқаусыз жарақат салдарынан ауруханаға түскен.

Ал,  балалар  жарақатының алдын алу апталығына оралар болсақ, 26 мамырда жарақат алған балармен фокус-топ  кездесулері ұйымдастырылды. Талқылау барысында балалар жарақаттанған кездегі өз тәжірибелерімен бөлісіп, қауіпсіз ортаны құру үшін қандай шаралар мен жағдайлар жасалу қажетігі жайлы ойлары мен тілектерін айтты.

28 мамырда балалары немесе туыс-туғандарының балалары жарақаттанған ата-аналардың фокус-тобы өтеді. Кездесуде ата-аналар тәжірибелерімен алмасып, балалардың оқыс жағдайларға ұрынып қалмауы қадағалау жолдары туралы пікір алмасады.

29 мамыр күні түрлі сала мамандарына арналған  аранйы дәріс өтеді. Денсаулық сақтау, білім беру, әкімшілік полиция, төтенше жағдайлар, коммуналдық шаруашылық, ақпарат және мәдениет, әлеуметтік қорғау салаларындағы мамандар үшін Денсаулық Сақтау Ұйымының оқыту пакеті мен ЮНИСЕФ-тің «қауіпсіз ортаны» қамтамасыз ету  модуліне негізделген семинар өтеді. Германиядан арнайы шақырылған   халықаралық сарапшы Джоан Винцентен жиынға қатысады.

30 мамырда – балалар жарақаттының алдын-алу жөніндегі дөңгелек үстел өтеді. Онда Қазақстанның сегіз өңіріндегі 14 жасқа дейінгі балалардың ата-аналарымен  жүргізілген сұхбат арқылы жиналған ЮНИСЕФ-тің зерттеу нәтижелері мен ұсыныстары таныстырылады. Сондай-ақ балалардың жарақаттануын алдын алу үшін келесі үш жылдың  стратегиялық қадамдары жоспарланады.