• RUB:
    4.91
  • USD:
    494.87
  • EUR:
    520.65
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Мамыр, 2019

Оңдасын Оразалин Ақтөбе облысындағы жол жөндеу жұмыстарын тексерді

909 рет
көрсетілді

Өңір басшысы кезекті жұмыс сапары барысында жауапты мемлекеттік органдар мен мердігер мекемелердің басшыларына жөндеу және құрылыс жұмыстарын жоғары сапада орындауды тапсырып, нәтижесіне жекелей жауапты екендерін ескертті.

Қазіргі  уақытта  Ақтөбе қаласында  автожолдарды жөндеуге  байланысты  ауқымды  жобалар жүзеге асырылып жатыр. Мәселен, Өрлеу  елді мекенінде 5,7 шақырым, Ақжар елді мекенінде 2,6 шақырым  жолдар асфальтталып, жаяу жүргіншілерге арналған жолдар да  қоса салынуда.

Одан өзге, Бекқұл баба  ауылының орталығындағы  1,2 шақырым көше мен Ясный  елді мекенінің жолдарына  жақын арада  жөндеу жұмыстары басталмақ.