Өткен аптада мұнай бағасының біртіндеп төмендеуі жалғасқан болатын. Халықаралық қаржы орталығының сарапшысы Гайдар Гасановтың Forbes-те жарияланған пайымына сүйенсек, оған АҚШ-тағы мол мұнай қоры туралы жаңа деректердің жариялануы әсер етті.
Оның айтуынша, Ресейдің ұстанымы басқа мемлекеттерге қайшы келуі әбден мүмкін. Себебі дәл қазір Ресей үшін мұнайды көп өндіру, сөйтіп АҚШ-қа шикізат таситын Венесуэланың орнын басу тиімді.
Қазір баррель бағасы 68,7 долларға сатылуда. Қазіргі халықаралық нарықта қалыптасқан ахуалды ескере отырып, баға жуық арада қарқынды түрде көтеріледі деп күтудің қажеті жоқ. Мұнай қазір қаржы құралынан гөрі, саяси құралдың қызметін көбірек атқарады, сол себепті көп нәрсе АҚШ президенті Д.Трамптың әрекеті мен әлемдегі экономикалық ахуалға байланысты болмақ.
Қазіргі таңда 1 баррельдің бағасы 70-75 доллардың төңірегінде тұрақтаса, мұнай экспорттаушы елдер үшін де, импорттайтын елдер үшін де тиімді меже сол деуге болады.