Халықаралық балаларды қорғау күні қарсаңында ҚР Білім және ғылым министрлігі ағымдағы жылғы 15 мамыр мен 15 маусым аралығында жалпы республикалық "Нұрлы болашақ" акциясын жариялады. Республикада 1 маусым - Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған 600-ден астам іс-шара ұйымдастырылып, оның ішінде 154 қайырымдылық шарасы өткізіледі. Іс-шаралармен 2 милионнан астам бала қамтылады деп жоспарлануда. Балалардың жазғы демалысын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру жөніндегі ведомствоаралық әрекет ету мәселесін үйлестіру үшін Премьер-Министрдің Өкімі жүзеге асырылады. Республиканың мектеп жанындағы, шатырлы, қала сыртындағы лагерьлерде 2,1 млн бала, ал 730 мыңнан астамы ата-аналарымен демалады. Жазатайым оқиғалардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 2017-2019 жылдарға арналған балаларды жүзуге үйретуді ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралар мен 2019-2021 жылдарға арналған балаларға қатысты зорлық-зомбылықты және қатыгездікті алдын алу бойынша ведомствоаралық бірлескен іс-қимыл жоспары іске асырылуда.
Фото: azh.kz