• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
18 Сәуір, 2013

Шарапаты тиер шара

321 рет
көрсетілді

Шарапаты тиер шара

Бейсенбі, 18 сәуір 2013 2:19

Банк саласының байырғы маманы ретінде бұл күнде зейнетақы жүйесін жаңғыртуға бағытталған шаралар назарымнан тыс қалып отырған жоқ. Осы орайда әрқилы  пікірлер білдірілуіне байланысты  аталған мәселенің жұрт көңілін қатты толғантуы себептерін түсінемін.  Зейнет жасына жеткенінде күнделікті тұрмысқа мұқтажын өтей алатындай жағдайы  болуы бәрінің де басты тілеуі екені анық. Меніңше, Үкіметтің осы мақсатты көздеген қадамы орынды деп ойлаймын. Неге десеңіз, өмір сүру деңгейі жылдан-жылға жақсару үстінде, кімде-кім сол қатардан қалғысы келмейді, бұл үшін алдымен жылдар бойы жинақталған зейнетақы көлемі жеткілікті болуы қажет. Сондықтан осыған септігін тигізетін шаралар күн тәртібіне мезгілінде қойылып  отыр  деуге  болады.

Ал шындығына келгенде, қа­лай болғанда да алдан шықпай тұрмас  бұл мәселенің елдің әл-қуаты кемелденіп,  нығаюы кезінде шешілуі де жөн көріледі. Үдемелі индустриялық- инновациялық даму бағдарламасы бойынша ірі жобалар іске асырылу, жаңа жұмыс орындары  ашылу,  шағын және орта кәсіпкерлік белсенділігі күшею, жас адамдардың арман-мақсаттарына жарқын келешек  жасалу үстінде. Елдің одан сайын өсу-өркендеу жолы айқын жағдайда еңбекке ынталы қай адамның да зейнетақы жинақтау көлемін арттыруына мүмкіндігі бары сөзсіз. Бұған қоса, мемлекет қолдауы көрсетілер болса, зейнетақы жүйесін жаңғырту көп көңілінен шығарына үміт зор.Мұндай шараның қай елде  де үлкен  қиындықпен жүзеге асырылуын білеміз. «Өткел өтсең бұрын өт, артта қалсаң жол тайғақ» дейді емес пе, халық. Ненің де уақытында атқарылғаны дұрыс қой.Қанапия ӘБІЛЕВ, банк қызметінің үздігі, зейнеткер.Қарағанды.