• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Экономика 30 Мамыр, 2019

Экспорт көлемі екі есеге ұлғайды

922 рет
көрсетілді

2010-2018 жылдар аралығында елдегі химия өнеркәсібінің экспорт көлемі 2 есеге ұлғайып, одан түскен табыс 783 млн АҚШ дол­ларына жетті. Бұл жөнінде аталған индустрияны Қазақстанда дамыту мүмкіндіктеріне арналған брифингте айтылды.
Индустриялық даму және өнер­кәсіптік қауіпсіздік коми­тетінің төрағасы Қанат Баитовтың айтуынша, 8 жылдың көлемінде химия өндірісінің көлемі 3, 2 есеге артып, кіріс сомасы 104,1 млрд-дан 387, 6 млрд теңгеге өскен екен. Осы уақыт аралығында 54 жоба жүзеге асырылып, 4 мың­нан астам жұмыс орны ашылыпты. Бұл жобалар елде бұрын-соңды шығарылмаған химиялық өнімдердің сұрыпталымын кеңей­туге мүмкіндік берді. 

Бүгінде Қазақстан аумағында жұмыс істеп тұрған химия индус­трия­сындағы кәсіпорындардың ұзын саны 700-ге тақау. Оның ішін­де ірі кешендердің саны 10, орташа компаниялар 13, қалған 670 ұсақ мекемелер саналады. Ал осы салада екі қолға бір күрек тапқан халық­тың саны 16 мың адамды құрайды. 

«Қазфосфат» ЖШС техноло­гиялық желіні жаң­ғырту арқы­лы фос­форлық минералды тыңайт­қыш­­­тарды шығарудағы өн­діріс­тік қуатты 400 мың тонна­ға дейін арт­тыр­ған. 

Былтырдан бері «ҚазАзот» АҚ өндірісті әртараптандыру бағы­тында күрделі минералдық тыңайтқыштар цехын жаңарту жобасын іске асырып жатыр. Аталған жұмыс 2020 жылға қарай аяқталуы тиіс. Құны 56,1 млрд теңге болатын бұл жоба іске асырылса, жылына 400 мың тоннаға дейін минералды тыңайтқыш өндірмек. 

Бұдан басқа «Достық Полимер» ЖШС, «Интеррин» ғылыми-өндірістік кәсіп­­орны» ЖШС, сон­дай-ақ «РимКаз­Аг­ро» ЖШС сынды 7 жоба іске қо­сы­лып, 870 жұмыс орнын ашу көздел­ген. Оның жалпы сомасы – 60,8 млрд теңге. 

Жақсылық МҰРАТҚАЛИ,

«Egemen Qazaqstan»