Бұл жөнінде Қазақстанның Мысырдағы Елшісі Арман Исағалиевпен кездесу барысында Ұйымның Каир қаласындағы ғылым мәдени жобаларының үйлестірушісі болып табылатын АМЛ Араб зерттеулер институтының басшылығы хабарлады. ALECSO кітаптарға өзінің логосын қою құқығын берумен қоса, оларды араб мемлекеттерінде үлестіруге қолдау көрсетуге дайындығын білдірді.
Мәлім болғандай, биыл ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы – «Рухани жаңғыру» бағдарламасының шеңберінде «Заманауи қазақ әдебиеті жаһандық әлемде» атты жобасы бойынша қазақстандық 60 ақын-жазушының таңдалған шығармалары БҰҰ-ның ресми алты тіліне аударылып, басылып шығады. Әрбір антологияның тиражы 10 мың данадан асып түседі.
Араб тіліне аударылған шығармалар жинағы 22 араб мемлекетіндегі 5 мыңнан астам ірі университеттерге, кітапханаларға және зерттеу орталықтарына таратылады.