• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Спорт 30 Мамыр, 2019

Шахмат: Бибісара үшінші орында

895 рет
көрсетілді

Өзбекстанның бас шаһары – Ташкентте Орталық Азия мемлекеттері арасында ФИДЕ-нің 3.4 аймағы чемпионаты өтті.

Айтулы жарыста бақ сынаған Бибісара Асубаева 9 турдан кейін 7 ұпайға иелік етті. Дәл сондай нәтижеге Өзбекстанның қос ойыншысы – Нилуфар Якуббаева мен Гүлрухбегім Тохиржонова қол жеткізді. Қосымша көрсеткіштер бойынша қазақ қызы қола медальді иеленді. Бас жүлдені Нилуфар олжаласа, Гүлрухбегім қола жүлдені еншіледі.

Сондай-ақ, осы жарыста Қазақстанның тағы бір топ шахматшылары бақ сынады. Олар мынадай орындарды иеленді: Гүлмира Дәулетова (5,5 ұпай, 4- орын), Гүлісхан Нақбаева (5,5 ұпай, 5-орын), Арнаш Бауыржан (5 ұпай, 7- орын), Әмина Қайырбекова мен Мадина Дәулетбаева (4,5 ұпайдан), Ксения Балабаева (4 ұпай) және Меруерт Камалиденова (3,5 ұпай).