Форумға орта және кіші кәсіпкерлік саласында табысқа жеткен кәсіпкерлер, қаржы институттары мен тиісті сала мамандары және Арал, Қармақшы аудандарынан келген кәсіпкерлік бөлімдерінің басшылары мен кәсіпкерлері де қатысты.
Форумда облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасы басшысының орынбасары А.Досжанов, «Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ облыстық филиалының директоры М.Әлімханұлы, облыстық кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы директорының орынбасары А.Түйменова, «Қызылорда» Өңірлік инвестициялық орталығы» МҚҰ» ЖШС-інің бас сарапшысы А.Айсауытов қатысып, кәсіпкерлерді толғандырған мәселелер бойынша сөз сөйледі.