• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Аймақтар 30 Мамыр, 2019

Қызылорда қаласының әкімі 200 балаға «Сырдария» тынығу лагеріне жолдама берді

994 рет
көрсетілді

Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев 200 балаға «Сырдария» тынығу лагеріне жолдама берді.

- Балалардың бейбіт өмірінен артық ештеңе жоқ. Сондықтан да, бүлдіршіндердің Тәуелсіз елдің бейбіт аспанында бақытты өмір сүруі үшін барлық жағдай жасауға еңбек ететін боламыз,- деді ол.

Биыл жазғы демалыс лагерімен, тынығу-сауықтыру орындарымен 1-10 сынып аралығындағы 53 мыңға жуық балалар қамтамасыз етіледі.

Облыстағы демалыс орындарынан бөлек республика көлеміндегі тынығу-сауықтыру лагерлеріне мемлекеттік бюджет есебінен, кәсіподақ ұйымының және демеушілердің қолдауымен барлығы - 17500 көпбалалы отбасынан шыққан балалар тынығатын болады.

Жалпы, биыл «Сырдария» балалар лагерінде 7 ауысымда 1 400 бала демалады деп жоспарланып отыр.

Қызылорда облысы