• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Қазақстан 31 Мамыр, 2019

Жұмабек Сарабеков: Бұл – көрсетілген лайықты құрмет

1030 рет
көрсетілді

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев­қа «Жоғары Еуразия­лық экономикалық кеңестің Құрметті төрағасы» атағын бе­ру Қазақстанның еуразиялық ин­теграцияға қосқан үлесіне, осынау жылдар ішіндегі белсенді жұмысына берілген жоғары баға деген жөн.

Елбасы еуразиялық интеграция туралы идеясын ұсынып қана қоймай, оның жү­­зеге асырылуына зор еңбек сі­­ңірді және бұдан кейін де Еуразия­лық экономикалық одақ жұмысының жандануына тигізер септігі мол. Оған айғақ – осы мәр­тебелі атақ.

Еуразиялық экономикалық одақ өзі құрылған бес жылда біраз белесті бағындырды. Де­генмен, жөндейтін тұстары да баршылық. Мысалы, ортақ нарық әлі толыққанды жұмыс істеп жатқан жоқ, себебі әрбір мемлекет өз нарығындағы та­риф­тік емес кедергілерді сақтап отыр. Бұл түйт­кілдің түйінін тар­қатып, осы бағыттағы іс-шара­ларды ілгерілету үшін ұтымды ұсы­ныстар, нақты ше­шімдер керек.

Бұл жерде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жаңа мәртебесі ЕАЭО-ның стратегиялық дамуы үшін жаңа бастамалар көтеруге мүмкіндік бере­ді. Ел­басының арқасында Қазақ­стан өзара мұраттас, мүд­делес мем­лекеттердің ортақ эко­но­микасының бәсекеге қабілет­тілігін арттыруға күш салады.

 

Жұмабек САРАБЕКОВ,

Әлемдік экономика және саясат институтының сарапшысы