• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 31 Мамыр, 2019

Депутаттар «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды

1021 рет
көрсетілді

Сенат Төрағасы Дариға Назарбаева бастаған Парламент депутаттары саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарына арналған «АЛЖИР» мемориалды-мұражай кешенінде болды.

Депутаттар саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні Ақмол ауылындағы «Қасірет қақпасы» монументіне гүл шоқтарын қойды. Парламентшілер «Алаш», «АЛЖИР» залдарына экскурсия жасады, «АЛЖИР-дің ызғарлы суығы» деректі фильмі көрсетілді.

«Бүгін біз 20 ғасырдағы қуғын-сүргін құрбандарын аза тұтып, еске аламыз. Бірақ сталиндік зұлымдықтар жайлаған ауыр жылдардағы қазақ халқының ең жақсы қасиеттері туралы да айтамыз. Туғандар бір-бірін жоғалтқан, ажырап қалған қиын кезеңде біздің халқымыз қатыгез болған жоқ, өздерінің ең үздік ұлттық ерекшеліктерін - қайырымдылықты, ынтымақты, қиындықта көмек қолын созатын асыл қасиеттерін сақтап қалды. Ғасырлар бойғы өзіне тән даналығын танытты.

Біз бұл күннің мән-мағынасын қазақстандықтардың жаңа буынына міндетті түрде айтуымыз керек. Біздің халқымыз бастан кешкен ауыр сынақтарды еске алу біздің ұлы игілігімізді - Қазақстанның тәуелсіздігін сақтап, бағалауға түрткі болады», - деп атап өтті Сенат Төрағасы.