• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
Аймақтар 02 Маусым, 2019

Семейде Құрлық әскерлерінің дайындығы тексерілді

1033 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы, генерал-майор Марат Хұсайынов Семейге арнайы келіп, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының әскери бөлімдерінің жазғы оқу кезеңіне дайындығын тексерді. Генерал-майор гарнизондардағы әскери бөлімдерде ұзақ мерзімде сақтауда тұрған әскери маңызды техникалардың және қару-жарақтардың сақталу жағдайларын көрді. Олардың жазғы уақытта қолданылу ретін назарға алды.

Генерал-майор Марат Хұсайынов әскери бөлімдерді аралау барысында  жеке құраммен сұхбаттасып, әскери қызметшілердің әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларымен де танысты. Әскери техниканы жөндеу мен техникалық қызмет көрсету пункттерінің жағдайына ерекше мән беру қажеттігін айтты.

«Шығыс» әскери өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, аға лейтенант Исламбек Қалдыбековтің айтуынша, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Құрлық әскерлерінің бас қолбасшысы генерал-майор Марат Хұсайынов Семейге қарасты Өскемен, Аягөз және Үшарал гарнизондарының әскери бөлімдерінің жазғы оқу кезеңінің дайындығына жақсы баға беріп, сондай-ақ, «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының басшылық құрамына және әскери бөлім командирлеріне әскерлердің күнделікті қызметіне қатысты нақты тапсырмалар берген екен.

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

«Еgemen Qazaqstan»

Соңғы жаңалықтар