Бір қызығы, кездесудегі 2 голдың алғашқысы ойын басында, екіншісі матч аяқталар тұста соғылды. Екі голдың аралығында «Тоттенхэм» гол соғуға тырысқанымен, «Ливерпуль» қақпашысы Алиссон Бекер қақпасына доп өткізбеді. Кездесудің 2-минутында Мұхаммед Салах пенальтиден есепті ашса, 87-минутта Дивок Ориги командасына жеңіс голын сыйлады. Осылайша, «Ливерпуль» 2:0 нәтижесімен жеңіске жетіп, өз тарихында алтыншы мәрте (1977, 1978, 1981, 1984, 2005, 2019) Чемпиондар лигасының кубогын иеленді.
«Ливерпуль» биыл қатарынан екінші рет финалда ойнады. Былтыр Юрген Клопп шәкірттері финалда «Реал» клубынан жеңілсе, соңғы рет Чемпиондар лигасының 2005 жылғы маусымда жеңіске жеткен еді.