• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Аймақтар 04 Маусым, 2019

Жаңа жұмыс орындарын құрады

1032 рет
көрсетілді

Алматыда ашылған өндіріс орнының жылдық қуаты жарты миллион теміржол шпалдарын шығаруға арналған. Vollert неміс технологиясы пайдаланылатын зауытта жүзден астам жаңа жұмыс орны ашылып, инвестиция көлемі 1,8 млрд теңгені құрап отыр.

«АЗМК» ЖШС бас директоры Шухрад Шардиновтың айтуынша, шпал шығару өндірісі өнімнің термоылғалдану кесте­сін бақылайтын автоматты бағ­дарламамен қамтамасыз етіл­ген. Автоматтандыру жүйесі уа­қыт­ты екі есеге дейін қыс­қар­тып, өнімділікті екі, өндіріс алаңдарын төрт есе арттыруға мүмкіндік береді.

Алматы көпір конструкция­лары зауытындағы темір жол шпалдарын шығаратын өнді­ріс орнының ашылуына қала әкімі Бауыржан Байбек қаты­сып, қаладағы 1,5 мың өндіріс орындарының жұмысы жа­йында, сондай-ақ бүгінде АЗМК сала­­сында еңбек етіп жатқан бес жүзден астам жұмыс күшінің  әлеуетіне тоқталды. Қала басшысының айтуынша, бүгінде «Нұрлы жол» бағдар­ламасы аясында көлік инфра­құрылымы қарқынды дамып келе жатқанына байланыс­ты кәсіпорын өнімдеріне сұра­ныс жоғары. Ал жұмысшы маман­ды­ғы­на қашанда құрмет жоғары, деп атап өтті қала басшысы.

Қазіргі кезде мегаполисте «Биз­нестің жол картасы-2020» және «Жібек жолы» қалалық бағ­дарламасы арқылы отандық кә­сіпорындарға қолдау көрсету аясы барынша артып келеді. Ин­вес­тициялық ахуалдың жақ­­са­р­уымен байланысты ағымдағы жылдың үш айы ішінде ғана шетелдік инвестициялар 21,4 пайызға артып, 111,1 млрд теңгені құрады. Осының дәле­лін­дей, Алатау ауданындағы Индустриялық аймақта құны 144 млрд теңгені құрайтын 39 жоба жүзеге асуда. Жапония, Гонконг, Қытай, Ресей,  сондай-ақ неміс капита­лы­ның қатысуымен 5 зауыт ашылды. Оның ішінде жылына қуаты 550 мың тонна тұрмыстық қатты қалдықтарды сұрып­тайтын кешен, электрав­тобус­тардың үшінші буынын жасап шығаратын зауыт, т.б. бар.

 

АЛМАТЫ