• RUB:
    4.86
  • USD:
    441.66
  • EUR:
    475.14
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Маусым, 2019

«Астана» рейтингте жоғарылап келеді

754 рет
көрсетілді

Еуропа футбол қауымдастығы (УЕФА) 2018/2019 жылғы Еуродода маусымын қорытындылап, командалардың жаңарған рейтингін жариялады. Клубтардың рейтингі соңғы бес жылдағы нәтижелеріне қарап жасалған.

УЕФА клубтар рейтингінде Мадридтің «Реал» командасы 146.000 ұпаймен алты жылдан бері көшбастап келеді. Екінші орынды Испанияның тағы бір командасы – «Барселона» (138,000) иеленсе, үздік үштікті 128,000 ұпайы бар Германияның «Бавария» клубы қорытындылап тұр.

Ал қазақстандық командалар арасындағы ең үздік көрсеткіш елорданың «Астана» командасына тиесілі. Былтыр Еуропа лигасының топтық кезеңінде сынға түскен «Астана» УЕФА клубтар рейтингісінің 2018 жылғы нәтижесімен салыстырғанда 10 саты жоғарылап, 57-ші орынға тұрақтады. Қоржынында 27.500 ұпай бар. Алматының «Қайраты» 2,000 ұпаймен 208-ші, Қостанайдың «Тобылы» (1,500) 260-шы орында тұр.