• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Сайлау 06 Маусым, 2019

Біліктіліктерін арттырды

1022 рет
көрсетілді

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының 70 мыңға жуық мүшесі Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын өткізу үшін электораттық оқудан өтті.

Сайлау жүйесінде шамамен 70 мың адам жұмыс істейді. Олардың ішінде 41 мыңнан астамында алдыңғы сайлау науқанын өткізу тәжірибесі бар. Осы жылдың басында өткізілген сайлау комиссияларының жаңа құрамын қалыптастыру кезінде олар­дың 40%-ы жаңартылды. Олардың көбісі учаскелік және аумақтық комиссияларда тұрақты түрде жұмыс істемейтін адамдар.

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) бүкіл ел бойынша сайлау ко­мис­сияларындағы сайлауды ұйым­дастырушылардың білікті­лігін арттыру ауқымын түсіне отырып, оларды жүйелі негізде оқы­туды ұйымдастыруда. Сайлау комис­сияларының кадрларын ағымдағы сайлауға даярлау Қазақстан Респуб­ликасы Президентінің кезектен тыс сайлауын дайындау кезеңінде сайлау комиссияларының мүшелерін және сайлау процесінің өзге де қатысушыларын оқыту жоспарға сәйкес жүргізілді.

Электораттық оқыту алты бағыт бойынша әртүрлі нысанда өт­кізілді: аумақтық сайлау комис­сия­сының кәсіби негізде жұмыс істей­тін мүшелері Қазақстан Респуб­ликасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының базасында оқытылды; Аумақтық сайлау комиссиясы төмен тұрған сайлау комиссияларының мүшелерін жер-жерлерде оқытты; қашықтан оқыту және тестілеу жүргізілді, ОСК аппаратының қызметкерлері мен мүшелері өңірлерде көшпелі оқытуларды өткізді, семинарлар бейнеконференцбайланыс арқы­лы өңірлерде көрсетілді, сон­дай-ақ сайлау процесінің өзге де қатысушыларына (сенім білді­рілген адамдар, байқаушылар, респу­б­ликалық қоғамдық бірлестіктердің, саяси партиялардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, жас сай­лаушылар және т.б.) бірқа­тар оқыту іс-шаралары ұйымдас­тырылды.

Аумақтық сайлау комиссиясы және учаскелік сайлау комиссия­сының 4 112 мүшесі 16 сәуірден бастап 30 мамырға дейін Қазақстан Республикасы Президенті жа­нын­дағы Мемлекеттік басқару ака­демиясының базасында күндізгі оқудан өтті. Ақмола, Қызылорда және Атырау облыстары өңірлік филиалдар арқылы оқытудың едәуір бөлігін қамтамасыз етті. Электораттық оқы­ту процесіне Ортсайлауком бұ­ған дейін дайындаған 100-ден аса сертификатталған тренер тартылды. Өз кезегінде аумақтық сайлау комиссиялары жер-жерлерде төмен тұрған сайлау комиссияларының мүшелерін оқытты. Олар қалаларда, аудан орталықтарында, кенттерде шамамен 2,5 мың көшпелі оқыту семинарларын өткізді.

Аумақтық және учаскелік сай­лау комиссиялары сайлауды ұйым­дастырушыларды оқытуды ұйым­дастыру үшін әдістемелік базамен қамтамасыз етілді – Ортсайлауком 10 әдістемелік құрал мен ақпараттық-түсіндіру материалдарын, сондай-ақ Дауыс беру күнгі сайлауды ұйымдастырушылардың жұмысы туралы оқыту фильмін қолжетімді етіп шығарып, ОСК сайтында орналас­тырды, аталған фильм ОСК интернет-ресурсында, сондай-ақ барлық сайлау комиссияларына жеткізілді.

30 730 адам «Сайлау процесінің құқықтық негіздері және Қазақстан Республикасы Президентінің сай­­лауын өткізу кезіндегі сайлау ко­миссияларының жұмысын ұйым­дастыру» модулі бойынша қашықтан оқытудан және тес­тілеуден өтті. Қашықтан оқыту және тестілеу жүйесі ОСК интернет-ресурсында орналасқан және барлығы үшін ашық «Өңірлер бойын­ша қашықтан оқыту және тестілеу статистикасы» бөлімі бар, мұнда үнемі жаңар­тыла­тын режімде статис­тикалық ақпа­рат көрсетіледі.

ОСК аппаратының мүшелері мен қызметкерлері өңірлерде 17 көшпелі оқыту семинар-кеңесін өткізіп, 10 263 сайлау процесін ұйымдастырушыны оқытты. Өңірлермен бейнеконференцбайланыс бойынша семинарларды Ортсайлауком ақпан айынан бастап жүргізуде, кезектен тыс сайлау жарияланған кезден бастап Ортсайлауком бейнеконференцбайланыс арқылы ағымдағы сайлау науқанын ұйымдастыру және дайындау мәселелері бойынша 12 семинар өткізді.

Барлық деңгейдегі сайлау комис­сияларының мүшелерін дайындау­дан басқа сайлау процесіне өзге де қатысушылар үшін оқыту іс-шараларын ұйымдастыру мен өткізуге жеке тоқталған дұрыс. Мысалы, 13 мамырда Нұр-Сұлтан қаласының Аумақтық сайлау комиссиясы базасында Ортсайлауком республикалық қоғамдық бірлестіктердің өкілдері үшін Қазақстан Республикасы Президентінің сайлауы науқанын қаржыландыру мәселелері бойынша, сондай-ақ сайлау комиссияларының президенттікке өз кандидаттарын ұсынған республикалық қоғамдық бірлестіктермен өзара іс-қимылы бойынша семинар өткізді. Семинар жұмысына кандидаттардың сенім білдірілген адамдары мен олардың штабтарының өкілдері қатысты.

Ақмола, Солтүстік Қазақ­стан, Жамбыл облыстарында Орт­сайлауком Жастар істері жөніндегі комитеттердің төрағаларымен кездесулер өткізді. Өңірлік жоғары оқу орындарының әлеуетін аумақ­тық сайлау комиссияларымен бірлесіп жұмыс істеуге тарту үшін Ортсайлауком Қазақ­станның жоғары оқу орын­да­рының студенттері арасында сай­лау құқығы мен сайлау процесі мәселелері бойынша Ұлттық викторина жүргізуде. Бұл іс-шара – ТМД Парламентаралық Ассамблеясының Кеңесі бастамашылық еткен мемле­кетаралық жобаның ұлттық кезеңі.

24 мамырда сайлау құқығы негіз­дерін білу викто­ринасының алғашқы интерактивті туры өтті, оған Қазақстанның 29 ЖОО-сынан 170 студент қатысты. 4 маусымда бейнеконференцбайланыс форматында екінші тур өтті, онда бірінші кезеңнің 10 жүлдегері сайлау тақырыбына арналған пікірталасқа қатысты. Ұлттық кезеңнің жеңім­пазы ағымдағы жылдың қыркүйек айында ТМД елдерінің құрама командасы қатарында Санкт-Петер­бургтегі ғылыми пікірталасқа қаты­сатын болады.

Аумақтық сайлау комиссия­ларының жастармен жүргізген белсенді жұмысын атап өткен жөн. Алматы қаласының аумақтық сайлау комиссиясы 24 сәуір күні, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық уни­вер­ситеті мен Қазақ ұлттық аграр­лық университетінің алғаш рет дауыс беретін жас сайлаушы сту­дент­терімен кездесулер өткізді. Жамбыл облысының аумақтық сайлау комиссиясы 22 мамырда жоғары политехникалық колледж ба­засында жас сайлаушыларға арнал­ған «Жастар жазғы мектебінің көш­басшысын сайлау» оқыту іс-шарасын ұйымдастырды. Шығыс Қазақстан облысының аумақтық сайлау комиссиясы өңір колледждерінің 140 алғаш рет дауыс беруші студентін оқытты. Ақтөбе облысының аумақ­тық сайлау комиссиясы сайлау процесіне қатысушылардың барлық са­наттарымен: кандидаттардың се­нім білдірілген адамдарымен, бай­қаушыларымен, саяси пар­тиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, құқық қорғау органдарының, БАҚ өкіл­дерімен және жас сайлаушылармен оқыту іс-шараларын өткізді.

Бүгінгі таңда сайлау процесіне қатысушылардың 4,5 мыңға жуығы дайындықтан өтті. Жалпы, Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына дайындық кезеңінде барлық деңгейдегі сайлау комиссияларының мүшелері, сондай-ақ сайлау процесінің өзге де қатысушыларының 120 мыңға жуық адамды оқытудың түрлі нысандарымен қамтылды.

Сәбила МҰСТАФИНА, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы