Жұма, 8 ақпан 2013 7:44
Қазір жұрт аузындағы бір әңгіме – Солтүстік Кореяда ядролық сынақ жасалмағы жайында. Ол бүгін-ертең болуы мүмкін дейді жұрт. Дәл қай күні нақты белгілі болмағанымен, сынақ өткізілетініне ешкімнің күмәні жоқ.
Басқасын былай қойғанда, сынаққа байланысты бұл елдің көсемі Ким Чен Ын елде әскери жағдай енгізгені де белгілі болып отыр. КХДР-дегі барлық әскери күштер жауынгерлік дайындыққа көшіп, Пунгери полигонында қарбалас жұмыс жүргізіліп жатқан көрінеді.
Жұма, 8 ақпан 2013 7:44
Қазір жұрт аузындағы бір әңгіме – Солтүстік Кореяда ядролық сынақ жасалмағы жайында. Ол бүгін-ертең болуы мүмкін дейді жұрт. Дәл қай күні нақты белгілі болмағанымен, сынақ өткізілетініне ешкімнің күмәні жоқ.
Басқасын былай қойғанда, сынаққа байланысты бұл елдің көсемі Ким Чен Ын елде әскери жағдай енгізгені де белгілі болып отыр. КХДР-дегі барлық әскери күштер жауынгерлік дайындыққа көшіп, Пунгери полигонында қарбалас жұмыс жүргізіліп жатқан көрінеді.
Соның бәрін есепке алып, сарапшы мекемелер ядролық сынақ бұрын сөз болып келген уақыттан бұрынырақ та жүзеге асуы мүмкін дегенді айтады. Ал бұрын жұрт қисынға салып, сынақ Солтүстік Кореяның бұрынғы көсемі Ким Чен Ирдің туған күні 16 ақпанда, әйтпесе, Оңтүстік Кореяның жаңа президенті Пак Хын Хенің таққа отыратын күні 25 ақпанда өтуі мүмкін деп келген. Мұның да қарабайырлау қисыны бар: біріншісінде көсемдеріне құрмет десе, екіншісінде өздерінің ата жауындай есептейтін елдің жаңа басшысына қыр көрсеткендік.Жүзеге аса қалған күнде бұл КХДР-дің үшінші ядролық сынағы болмақ. Бұрынғыларын олар 2006 және 2009 жылдарда өткізген. Бұл сынақтар БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы қабылдаған бұл елде сынақ өткізуге тыйым салған шешіміне қарамай жүргізілген. Соған орай халықаралық бас ұйым бұл елге экономикалық санкциясын күшейтті. Бірақ олар райынан қайтар емес.Ядролық қару болғанымен, оны діттеген жерге жеткізетін құрал да керек. Бұрын олардың мұндай құралы жоқ, қаруы болғанымен, оны қолдана алмас деп келсе, өткен жылдың желтоқсанында КХДР жер серігі бар «Ынха-3» зымыранын ұшырып, әлем жұртшылығын тағы да шошытты. БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі өзінің қолынан келетін шарасы – экономикалық санкцияларының ауқымын кеңейтті. КХДР басшылығы мұны өздеріне қарсы соғыс жариялау деп қабылдап, жаңа ядролық сынақ өткізетінін жариялады. Бүгінгі әлемдік әбігер – соның салдары.Бұдан олар не ұтады? Ұтары жоқ. Өздерінің партиялық бас газеті «Нодон Синмун» ел басшылығы бұл қадамға «халықтың талабын ескеріп барды» деп жазады. «Қауіпсіздік Кеңесі бізге басқадай таңдау жасауға мүмкіндік қалдырмады. Енді ақырына дейін барамыз» – бұл тұйыққа апарып тірейтін сөз. Бұлар қыңыраяды екен деп енді халықаралық қоғамдастықтың да олардың ыңғайына жығылуы екіталай.Әрине, ядролық қаруды қолдану қаупі болмағаны жақсы. Сөйтсе де бұл қауіпті тым асыра бағалау да артық. Дәл бүгін Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға және оның одақтасы АҚШ-қа ядролық қарумен соққы беріп, оларды үлкен шығынға ұшыратады дегенге, басқалардан бұрын, Пхеньянның өзі де сенбейді. Оған жауап соққы өздерінің түбіне жететінін олар жақсы біледі. Бұлардың басты мақсаты – бопса. Сондықтан да жұртшылық арасында ядролық үрей туғызудың да жөні жоқтай.Керісінше, ядролық қарумен ойнау Солтүстік Корея басшылығын тұйыққа тірейтіні даусыз. Бұл тұйықтан шығу оңайға соқпайды. Өйткені, олар басқалармен қарым-қатынастағы сенім жолын кесіп тастады. Тіпті енді олардың бұрынғы одақтасы демегенмен, тілеулестерінің өзі қолдамайтыны анық. Ал Қытай ашық айыптап отыр. Ең қиыны – осынау жосықсыз саяси ойыннан жапа шегетін биліктегілер емес, қарапайым қара халық. Бірақ сол халықтың да шыдамы таусылуы мүмкін.
Барша дүние танитын Дағыстан
Өткен аптада Ресей Федерациясының Дағыстан республикасында басшылық ауысты – Магомедсалам Магомедовтің орнына Ресей президенті Владимир Путин белгілі саясаткер Рамазан Абдулатиповты уақытша басшы етіп тағайындады.
Жеке мемлекет те емес, бір федералдық елдің бір нысанында басшының ауысқанын сөз етудің не жөні бар деуге де болар. Бірақ біраз жұрт біраз елді білмегенімен, Дағыстанды біледі. Әртүрлі жағынан. Кешегі кеңестік заманда Расұл Ғамзатовтың «Менің Дағыстаным» деген тамаша кітабын оқып, бұл ел талай адамның жүрегінде жатталып қалған. Бұл елден шыққан балуандар әлемді таңдандырады. Азаттық үшін арпалысқан азаматтары қандай! Әдебиеті де әлемге әйгілі.Соңғы кезде бұл республикадағы жаманат істер көбірек ауызға ілініп жүр. Атыс-шабыс осы елде. Оның адамдары өздерін қойып, Мәскеуді шулатып жатады: метрода жарылыс жасайды, кісі өлтіреді, жұртты таңдандырған той өткізеді, сол тойда атыс та болады. Уахабиттер, таракаттар, жамағаттар дегендер де осы елде. Олар Мәскеу жіберген арнаулы бөлім сарбаздарымен соғысып, оларды өлтіреді, өздері де өледі.Билікке талас тіпті бөлек, әулеттер болып қырқысып жатады. Журналистердің, соттардың, министрлердің, дін басшыларының, бизнесмендердің өлтірілуі де жұртқа таңсық емес. Бұл республика өзін асырау үшін Мәскеуден ақша сұрайды, ал «Анжи» дейтін футбол командасына ойыншылар, жаттықтырушылар жалдау үшін миллион долларлап қаржы жұмсайды. Бұларың қалай деп сұрайтын адамдар жоқ сияқты.Ал бұл республикада тәртіп орнатуға Мәскеу де, ел ішінде де ешкімнің шамасы келмейтіндей. Басқасын былай қойғанда, бүгінге дейін билік тізгінін ұстаған Магомедсалам Магомедов республикадағы аса беделді әулеттен шыққан адам еді. Оны Мәскеу қолдады, өзінің қомақты қаржысы да болды. Бірақ елде нақты тәртіп орната алмады.Осы жерде оның әкесі Магомедали Магомедов туралы да айта кеткен жөн. Республиканы бүгінге жеткізген сол адам. Жұрттың айтуына қарағанда, ол 90-шы жылдарда Дағыстанды мекендеген халықтардың өзара қырқысуынан сақтап қалған. Ал бұл елде отыз тілде сөйлейтін халық бар. Бір кезде туыспыз, мүдде-мақсатымыз бір дейтін олар бүгінде бір-бірін түсінгісі келмейді. Өз көсемдері бар, басқаларды мойындағысы жоқ. Жұрт бір-бірімен қарудың, ақшаның тілімен сөйлеседі.Енді осы елге Рамазан Абдулатипов тәртіп орната ала ма? Оны көзі қарақты жұрт сонау тоқсаныншы жылдардың басынан бері біледі. Ол орыстан басқа ұлт өкілдері ішінен шыққан аса беделді қайраткер ретінде танылған. Өзінің жүйелі пікірімен, өткір мәселелерді шешуге байланысты парасатты ұсыныстарымен жұртты мойындатқан еді. Соның арқасында ол үлкен державаның министрі де болды, парламенттің сенаторы да, депутаты да болып сайланды. Жай бір республиканың ғана емес, Ресейдей державаның да бір басшысы болғандай беделге жеткен. Бірақ оған ондай қызметті қимай, сырт жаққа елшілікке жіберген. Кім біледі, сонда ол Дағыстанға жіберілгенде, ондағы жағдай бүгінде басқаша болар ма еді дейді жұрт.Оның бұл республикада билік тізгінін ұстауының нәтижесі қандай боларын болжау қиын. Абдулатипов – күштің де, ақшаның да тілімен сөйлемейтін қайраткер. Оның халықпен сөйлесуге ұмтылатыны да даусыз. Және халықпен тіл табысатыны да анық. Ал Мәскеудің оны барынша қолдаудан басқа шарасы да жоқ. Сөйтіп, олар үш жақтап осынау республикада тамырын тереңге жіберген қылмыстық дүниені жеңе ала ма? Жұрт осы сұраққа жауап іздейді, қадағалап отыратын болады.
Мамадияр ЖАҚЫП, «Егемен Қазақстан».