• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
09 Маусым, 2019

Бірінші болып дауыс берген азамат Жапонияда оқиды

745 рет
көрсетілді

Қазақстан Республикасы кезектен тыс Президент сайлауында ең бірінші болып Жапонияда оқитын Ильяс Құрманғали деген азамат дауыс берген. Бұл туралы ҚазАқпарат СІМ таратқан мәліметтерге сүйене отырып хабарлады.

«Ең бірінші дауыс берген Қазақстан азаматы - Ильяс Құрманғали. Жапониядағы Васэда университетінің студенті», - делінген хабарламада.

Естеріңізге салар болсақ, бүгін елімізде  кезектен ытс Президент  сайлапуы  басталды.  Сайлау барысында  еліміз бен шетелдерде  9968  дауыс беру учаскесі  жұмыс істейді.  Сайлау  туралы заңға сәйкес дауыс беру таңертеңгі сағат 7.00 де басталып,  кешкі 20.00 де аяқталады.  Еліміздің батыс    өңірлеріндегі  уақыт айырмашылығына сәйкес аталған аймақтарда  сайлау учаскесі Нұр-Сұлтан  уақытымен 8.00 де ашылады. Сәйкесінше кеш жабылады.