• RUB:
    5.4
  • USD:
    471.83
  • EUR:
    505.66
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Маусым, 2019

ҚР Президенттігіне үміткер Аманкелді Таспихов дауыс берді

474 рет
көрсетілді

Кандидат жұбайымен бірге Ұлттық кітапханада орналасқан №111 сайлау учаскесінде дауыс берді.

«Кәсіподақтың мені кандидат ретінде ұсынғаны қуаныштымын. Қазақстанның өңірлеріне барып, белсенді жұмыс істедік. Ұйымдастырылған түрде үгіт-насихат жүргіздік. Осы сәтті пайдаланып, өз штабыма, өңірдегі сенімді өкілдеріме, мені қолдап, мен үшін үгіт-насихат жүргізген барлық азаматтарға рахмет айтқым келеді», деді А. Таспихов.