Қазақстан коммунистік халық партиясы атынан Президент сайлауына түсіп жатқан Жамбыл Ахметбеков дауыс берді.
Кандидат өз таңдауын №66 мектепте орналасқан №113 сайлау учаскесінде жасады.
«Біздің әке-шешеміз сайлау күні ерте тұрып, елдің алды болып дауыс беретін. Солардан көрген тәрбие бойынша бүгін таңнан тұрып 91 жастағы анам мен жұбайым, қызым төртеуіміз бірге келдік», - деді ол.