Бейсенбі, 14 ақпан 2013 6:31
Ұлыбританияның үш жасар тұрғыны әлемнің ғұламаларын артта қалдырды
Англияның Гилфорд қаласының үш жасар тұрғыны Алиса Амос жоғары интеллект коэффициентін көрсеткен адамдар енетін «Менса» ұйымының ең жас мүшесі атанды, деп хабарлады Daily Mail.
Кішкентай бүлдіршіннің IQкөрсеткіші таңғаларлық – 162. Алиса адамның когнитивтік, яғни танымдық қабілеттерін бағалайтын Стэнфорд-Бине тестін тапсырған. Оның ішінде жалпы білім деңгейі, жады, қоршаған ортаны қабылдау қабілеті және тағы басқалары сынақтан өткізілген.
Балдырғанның көрсеткіші әлемге әйгілі кейбір ғалымдар мен тарихи тұлғалардікінен де анағұрлым жоғары болып шықты. Ақылды балақайдың көрсеткіштері IQ дәрежесі 160 деп болжанып жүрген салыстырмалы болжал теориясының авторы Альберт Эйнштейннен, осы заманғы атақты физик-теоретик және ғарыштанушы Стивен Хокингтен (160), психоанализдің негізін қалаушы Зигмунд Фрейдтен (156) асып түскен. Бұл жағынан келгенде, Алиса сондай-ақ, АҚШ-тың бұрынғы президенттері Авраам Линкольннен (128), Бенджамин Франклиннен (160), Билл Клинтоннан (137) және француз императоры Наполеон Бонапарттан (145) жоғары тұр.
Бразилияда аспаннан өрмекші жауды
Бразилияның Санто Антонио да Платина (Santo Antonio da Platina) қаласында ерекше табиғи құбылыс орын алды. Аспаннан жаңбыр орнына өрмекші жауды, деп хабарлады «Baq.kz»
Жаңбыр жауған сәтте ағаштарда және электр тогын таратушы сымдарда өрмекшілер қаптап кеткен. Жексенбі күні 20 жастағы веб-дизайнер Эрик Рейс далаға шыққанда, өз көзіне өзі сенбеген. Ол аспаннан жапалақ-жапалақ қар секілді өрмекшілердің түсіп жатқанын байқайды.
Эрик өрмекші жаңбырының видеосын YouTube-ке салып, «Мен өрмекшілердің аспаннан түсу себебін түсіне алар емеспін. Бірақ, енді оларға зерттеу жүргізіп, қорытындысын осы жерде тағы жариялайтын боламын» деп жазады. Бір-екі күн ішінде бейнематериал көптің назарын өзіне аударып үлгеріпті. Жергілікті биолог ғалымдар өрмекші жаңбырынан еш қауіп жоқ екенін, бірақ, мұндай жайттер көп кездеспейтін құбылыс екенін айтқан.
Әзірлеген