• RUB:
    5.2
  • USD:
    523.72
  • EUR:
    544.09
Басты сайтқа өту
Сайлау 09 Маусым, 2019

Үміткер Сәді-Бек Түгел өз таңдауын жасады

548 рет
көрсетілді

«Ұлы Дала қырандары» республикалық қоғамдық қозғалысынан Қазақстан Республикасы Президенттігіне үміткер Сәді-Бек Түгел елордадағы №82 «Дарын» лицейінде орналасқан 136 сайлау учаскесіне отбасымен бірге келіп, дауыс берді.
Дауыс бергеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдеріне берген сұхбатында Сәді-Бек Түгел мемлекеттің тағы бір тарихи науқанды басынан өткеріп отырғандығын атап өтті. «Көңіл толқып, жүректі қуаныш кернеп тұр. Халықтың белсенділігін, халықтың сайлау учаскесіне ағылып жатқанын көріп тұрмын. Бұл деген үлкен қуаныш. Бұл біздің береке-бірлігіміздің артқанын, елдігіміз бен тұтастығымызды көрсетеді. Кезектен тыс Президенттік сайлау еліміз үшін ең маңызды, ең жауапты оқиға. Біз үшін әбрі дауысы өте қымбат және бағалы. Себебі дауыс беру, сайлау өткізу арқылы еліміздің жарқын болашағына дауыс береміз», деді Сәдібек Түгел.