• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Маусым, 2019

Қазақстан Президенттігіне үміткер Дания Еспаева дауыс берді

650 рет
көрсетілді

«Ақ жол» партиясынан Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына қатысып жатқан Дания Еспаева Нұр-Сұлтан қаласындағы 66 мектеп лицейіндегі №113 сайлау учаскесінде өз дауысын берді.

Кандидат дауыс беруге жергілікті сағат 11:00-де партияластарымен келді. 

Дания Еспаева жеңістен үмітті екенін жасырмады. «Үгіт-насиxат жүргізуге көмектескен әріптестеріме алғыс айтамын. Жеңістен үміттімін. Менің ойымша, мен жеңіске жете аламын. Мен Қазақстан әйелдерін, кәсіпкерлерді таныстырамын. Түнімен ұйықтамадым», деді үміткер.

«Бүгін 1 айға жалғасқан жұмыстың нүктесін қойдық. Бар күшімді салып жұмыс істедім. «Ақ жол» партиясында кәсіпкерлер өте көп. Дегенмен маған сеніп, мені қолдағанына алғысымды айтамын. Бүгін ертеңіміз үшін, болашағымыз үшін таңдау жасадым. Өз жеңісіме сенімдімін. Қазақстанда алғаш рет әйел үміткердің болуы еліміздегі реформаның, демократияның белгісі. Бұл қадамға алғаш болып «Ақ жол»  демократиялық партиясы барды», деді Дания Еспаева.