• RUB:
    4.85
  • USD:
    498.34
  • EUR:
    519.72
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Маусым, 2019

Ақтөбе әскери институт курсанттары өз таңдауларын жасады

818 рет
көрсетілді

Кеңес Одағының екі мәрте батыры Талғат Бигелдинов атындағы Әуе қорғанысы күштерінің Әскери институтының курсанттары сайлауға белсенділікпен болып қатысты. Бұл туралы институттың баспасөз қызметі хабарлады.

ӘҚК Әскери институты - еліміздің Қарулы Күштері үшін авиациялық мамандар дайындайтын, Қазақстандағы бірегей оқу орны.

Болашақ офицерлер сайлауға алғаш рет қатысып, белсенді азаматтығын көрсете алатындығына және Қазақстан Республикасының Президентіне кандидаттарына үміткерлердің біреуіне дауыс бере алатынын мақтан тұтады.

- Биылғы жылы Қазақстан Республикасының Президенті сайлауына алғаш рет қатысу мүмкіндігім болды. Болашақ офицер ретінде мен мақтаныш сезінемін және менің дауысым елдегі тұрақтылыққа ықпал ететініне сенімдімін. Мен күшті, гүлденген және тәуелсіз Қазақстанды көргім келеді. Зорлық-зомбылықсыз және жемқорлықсыз елде тұрғым келеді. Ертеңгі күнге сенімді болғым келеді. Сондықтан мен дауыс беру құқығын өз міндетім деп есептеймін, дейді 1-курс курсанты Мади Темирғалиев.

ӘҚК Әскери институтында барлығы 1700-ден астам адам, соның ішінде 600 офицерлер мен келісім шарт бойынша әскери қызметшілер, 200-ге жуық азаматтық персрналдар және 400-ден астам курсанттар дауыс беру құқығын пайдаланды.

Әскери қызметшілердің отбасы мүшелері мұндай оқиғадан тыс қалмады және олар мекенжайларындағы сайлау участкелерінде дауыс беру құқығын пайдаланды.