• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Маусым, 2019

Илья Ильин Лондондағы Қазақстан елшілігінде дауыс берді

524 рет
көрсетілді

Зілтемірші Илья Ильин Лондондағы Қазақстан елшілігінде дауыс берді. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан Президентін кезектен тыс сайлау басталды. Аталған сайлауда ел ішінде және шет елдерде 9 968 дауыс беру учаскесі жұмыс істейді. Сайлау туралы Конституциялық заңға сәйкес, дауыс беру уақыты стандартты (сағат 7.00-20.00 аралығы) болады.