• RUB:
    5.5
  • USD:
    474.83
  • EUR:
    515.38
Басты сайтқа өту
Саясат 09 Маусым, 2019

«Эйр Астана» ұшағы Мәскеу әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды

506 рет
көрсетілді

«Эйр Астана» ұшағы Мәскеу әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Бұл туралы әуе компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.

«Эйр Астана» әуе компаниясының «Санкт-Петербург-Алматы» КС 154 рейсімен ұшқан ұшағы техникалық себептерге байланысты Алматы уақытымен 16:23-те Мәскеу әуежайына шұғыл қонуға мәжбүр болды. Ұшу кезінде дабыл дисплейінде №1 қозғалтқышта майдың қысымы төмендегені туралы хабар пайда болды. Қауіпсіздік шараларына сәйкес, экипаж ең жақын әуежайға қону жөнінде шешім қабылдады. Ұшақ штаттық режимде қондырылды. Инженерлер ұшақ бортындағы ақауды іздеу және жою жұмыстарын жүргізуде. Дәл қазір жолаушылар терминалда» делінген хабарламада.