Н.Ә.Назарбаевтың дана басшылығымен және Қ.Тоқаевтың тікелей араласуымен Қазақстанда ядролық қарусыз аймақ құрудан бастап Азияда сенім шараларын нығайтуға бағытталған АӨСШК ұйымының негіз қалау секілді күрделі мәселелердің шешімі табылды. Ол өзінің ұзақ қызмет жылдарында Қазақстанның дипломатия саласының абыройын асқақтатуға бар күшін салды.
Қасым-Жомарт Кемелұлы қажет жерде талапшыл, жылдам шешім қабылдайтын дарынды азамат. Оның бұл қасиеттері тек өз елінде ғана емес, шетелдерде де мойындалған. Егер ол ел басшылығына келетін болса, онда Қазақстанның жаңа белестерді бағындыруға мүмкіндіктері арта түспек.
Жұмагұл СААДАНБЕКОВ,
Қырғыз Республикасының қоғам қайраткері