• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
Сайлау 11 Маусым, 2019

Құқықтық сауаттылық жоғары болуы тиіс

454 рет
көрсетілді

Елордада «Аманат» азаматтық платформасының өкілдері брифинг өткізіп, Қазақстан Президентінің кезектен тыс сайлауындағы мониторингтердің аралық нәтижелерін жариялады. Спикерлер журналистерге 9 маусымдағы дауыс беруді байқаудың алдын ала қорытындылары, сондай-ақ сайлау учаскелеріндегі дауыстарды санау барысын айтып берді.
Сәуір айында құрылған азаматтық платформа қысқа уақыт ішінде еліміз бойынша 16 мың адамның, 700-ден аса үкіметтік емес ұйымның басын біріктіре алған. Оған қоса, әрбір облыс орталығында арнайы штаб ашып, сайлау барысына белсене араласқан. 

Жалпы, «Аманат» платформасы өз жұмысында бес бағытты таңдаған – даярлық, адалдық, кәсібилік, диалог және сенім. Осы бағыттардың әр­қайсысы бойынша платформа бел­сен­ділері күні-түні тынбай жұмыс істеген.  

Брифинг барысында сөз алған платформа әкімшісі Лима Диас сай­лау барысындағы анық­талған бұзу­шы­лықтарға да тоқталып өтті. 

– Сайлау барысында бұзу­шы­лықтарға қатысты 165 ауызша ескерту жасалды, оның бәрі дер кезінде жо­йылды. Қосымша 18 ескерту сол арада түзелген жоқ немесе бұл кемшіліктер елеулі саналып, олар бойынша актілер толтырылған. Сол 18 актінің ішінде 8-і сайлау жәшігіне топтап бюллетеньдер салуға қатысты болды, – деді Л. Диас. Бұл ретте ол сай­лаудың Қазақстан үшін ерекше болғанын атап өтті. 

Платформа әкімшісі Пре­зидент сайлауында жас­тардың өте белсенді болғанын да сөз етті. Әсіресе өз ықтия­ры­мен бай­қаушы болуға ынта білдір­гендер саны көп болған. 

Ұйым өкілдері өз жұмыс­тарының басты жетістігі ретінде еліміз бойынша ең көп тәуелсіз байқаушы даярланғанын атап өтті. Мәселен, «Аманаттың» 11 мыңға тарта байқаушысы еліміздегі сайлау учаскелерін толық қамтыған. 

«Аманат» платформасының өкіл­дері сай­лаудан түйген ойларын қорыта келе, бірнеше маңызды мәсе­лені іріктеп алған. Атап айтқанда, қазақстандық сайлаушылардың еліміздің заңна­маларынан хабарсыздығы, тәуел­сіз байқаушылардың сай­лау заңды­лық­тарын талап ете оты­рып, өздері сақтамай­тын­­ды­ғы анықталған. Осыдан ке­­ліп қо­ғамға құр айқайшы емес, заңды білетін адам­дардың қа­жет­­тігі туралы пікір қалып­тасқан. 

Платформа өкілдері сон­дай-ақ байқаушыларға саяси мәдениеттілік артықтық етпей­тініне көз жеткізген. 

Осындай тұжырымға келген «Аманат» азаматтық платформасы ал­да­ғы уақытта жастардың құқықтық сауа­т­ын арттыруға күш салып, құқық­тық мектеп қалыптастыруға ден қой­мақ. Сонымен қатар байқаушы болуға ниет білдірген отандастарымыз – сай­­лау­­шылар арасында тренингтер өт­кізуді жалғастыра бермек.